$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Астана-Сеул тікелей әуе рейсі қайта жанданбақ

Редакция
29 сәуір 2024 11:47 2831
Астана-Сеул тікелей әуе рейсі қайта жанданбақ

Қазақстан және Оңтүстік Корея астаналары арасындағы тікелей әуе қатынасы 15 маусымнан бастап қайта іске қосылады. Астана-Сеул әуе қатынасы 2020 жылы тоқтатылған еді. 

«Air Astana» Астанадан Сеулге әуе рейстеріне билеттерді сатылымға шығарды. Рейстер 2024 жылдың 15 маусымынан бастап аптасына екі рет Аirbus A321LR ұшағымен орындалады. Астанадан Сеулге рейстерді әуекомпания 2015 іске қосып, коронавирустың өршуіне байланысты 2020 жылы тоқтатты», - делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Астанадан Сеулге рейстер Алматыдан Сеулге күнделікті рейстерді толықтырып, екі бағытта «Asiana Airlines» компаниясымен кодшеринг келісімі бойынша орындалатыны айтылған. Әуекомпания «Алматы-Сеул» әуе рейсін 2003 жылы бастап, 22 жылда 800 мыңға жуық жолаушы тасымалдаған.

 

Соңғы жаңалықтар