$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

«Астана Арена» стадионын жөндеу басталды

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 3992
«Астана Арена» стадионын жөндеу басталды

Елордадағы "Астана Арена" кешенін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Жұмысты 2024 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

Tengri Sport хабарлауынша, стадионның басты ерекшеліктерінің бірі – жылжымалы төбесі сақталып қала ма, жоқ па әзірге белгісіз.

Астана Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәліметінше, қаңтарда сараптама қорытындысын алғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстары басталған.

«Демонтаж жұмыстары басталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау 2024 жылғы шілденің аяғына жоспарланған. 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан аралығында көшпенділер ойындары өткізілгеннен кейін жасанды жабынды жылыту және суару жүйесі ауыстырылады», - деп хабарлады басқарма.

Ведомстводағылар кешеннің айналасын абаттандыру мәселесі де қарастырылып жатқанын жеткізді. Жылжымалы шатыр жөндеу жұмыстары біткеннен кейін де жұмыс істей береді.

Соңғы жаңалықтар