$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Алматы тауларында қар көшкіні жүріп жатыр

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 3901
Алматы тауларында қар көшкіні жүріп жатыр

Әлеуметтік желіде Алматыдағы «Pioneer» тау шаңғы курорты маңында қар көшкінінің видеосы пайда болды.

 ТЖД мәліметінше, 22 наурыз күні таңертең жылымықтың әсерінен, сондай-ақ жауын шашынға байланысты Қотырбұлақ өзенінің бассейнінде қар көшкіні еріп, қар массасы «Pioneer» тау шаңғысы курортының құрылысына дейін жеткен. Таулы кешен жұмыс істемеген, абырой болғанда зардап шеккен адамдар жоқ.

 «Мамандар түскен қар массасының көлемін ауа райы қауіпсіз болғанда өлшейді және есептейді. Айта кету керек, бұған дейін 20 наурызда «Қазселденқорғау» ММ қалалық филиалы Pioneer курорты әкімшілігіне көшкін қаупі және қажетті шаралар қабылдау туралы ұсыныс берген болатын. Жоғарыда аталған мамандардың ұсынысы бойынша адамдардың жүруіне шектеу орнатылған», - делінген хабарламада.

 Алматыда 165 қар көшкіні алқабы бар, оның 18-і қауіп төндіреді.

Соңғы жаңалықтар