$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

АҚШ-та оқушылар AI арқылы сыныптастырының жалаңаш фотосын жасап, таратқаны үшін қамауға алынды

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 4364
АҚШ-та оқушылар AI арқылы сыныптастырының жалаңаш фотосын жасап, таратқаны үшін қамауға алынды Сурет авторы: johneengle.com

АҚШ-тың Флорида штатында орта мектептің екі оқушысы “жасанды интеллектің көмегімен сыныптастарының жалаңаш суретін жасап, таратты” деген күдікке ілініп, қамауға алынды, деп хабарлайды Qrnews.kz тілшісі Factcheck.kz-ке сілтеме жасап.

АҚШ-та мұндай жағдай осыған дейін де болған. Уашиңтон, Нью-Джерси және Калифорниядағы орта мектеп оқушылары сыныптастарының жалаңаш фотосын жасанды интеллект арқылы жасап, таратып жіберген. Бірақ күдіктілердің ұсталғаны туралы ақпарат жоқ.

Ал жасанды интеллект арқылы жалаңаш суреттерді жасап, таратқанына байланысты күдіктілердің ұсталуы бірінші рет болып отыр. Штаттың заңына сәйкес, оқушыларға көлік ұрлаумен бірдей дәрежедегі айып тағылған. 

Ал адамның келісімінсіз оның жыныстық бейнесін жасауға қатысты заңның өзі 2022 жылы ғана қабылданған.

Екі оқушы да Майамидегі Pinecrest Cove академиясындағы сабақтан 10 күнге шеттетілген. Кейбір жәбірленушінің ата-анасы оқиғадан хабардар болғаннан кейін ұлдарды оқудан шығаруды талап еткен.

Кейбір заңгер ұсталған жасөспірімдер жасына байланысты қатаң жазадан құтылып кетуі мүмкін екенін айтады.

Соңғы жаңалықтар