Ұлттық қор таусылса не болады? Валюта нарығындағы үрейлі болжам
Сурет авторы: taldykorgan
2025 жылдың басындағы құбылмалы кезеңнен кейін теңге бірнеше ай бойы нығаю үстінде, деп хабарлайды"Inbusiness.kz" тілшісі.
Қазіргі таңда теңге бағамының нығаюы байқалғанымен, бұл үрдіс тұрақты емес және оның артында елеулі құрылымдық қауіптер жатыр. QazExpertClub сарапшысы Венера Жаналинаның пікірінше, бүгінде ұлттық валюта сыртқы факторлар мен ішкі теңгерімсіздіктердің "қауіпті коктейліне" тап болып отыр. АҚШ Федералды резервтік жүйесінің қатаң саясаты долларды жаһандық деңгейде нығайтып, дамушы нарықтарға қысым көрсетуде. Бұған қоса, мұнай мен металл бағасының тұрақсыздығы Қазақстанның экспорттық кірісіне тікелей әсер етіп, теңгенің басты тірегін әлсіретуде.
Экономист Жәнібек Айғазин теңгенің негізгі осалдығын экономиканың моноресурстық құрылымынан көреді. Біздің ел әлі де мұнай мен астық бағасына тым тәуелді. 2025 жылдың қорытындысы көрсеткендей, экспорт көлемінің азаюы мен импорттың өсуі валюта нарығындағы ішкі қысымды арттыра түсті.
Қаржыгер Расул Рысмамбетов теңгенің бүгінгі "күшін" екі уақытша фактормен түсіндіреді. Біріншісі - Ұлттық қордан бюджетті толтыру үшін жасалатын ірі трансферттер. Нарыққа доллардың көптеп шығуы ұсынысты арттырып, бағамды төмен ұстап тұр. Екіншісі - "керри-трейд" стратегиясы. Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің жоғары болуы (18%) шетелдік спекулянттар үшін өте тартымды. Олар долларын теңгеге айырбастап, біздің нарықта жоғары пайызбен табыс табуда. Алайда бұл - "ыстық ақша". Кез келген жаһандық немесе ішкі селкілдес кезінде инвесторлар қаржысын бір сәтте алып шығып, теңгенің күрт құлдырауына (девальвацияға) соқтыруы мүмкін.
Геосаяси тәуекелдер де аз емес. Ел экспортының 80%-ын тасымалдайтын Каспий құбыр консорциумындағы (КТК) кез келген техникалық немесе саяси іркіліс валюта түсімін бірден тоқтатады. Сондай-ақ, АҚШ-тағы "Трамп факторы" - жаңа тарифтік соғыстар мен әлемдік экономиканың фрагментациясы шикізатқа деген сұранысты төмендетіп, біздің экономикаға жанама соққы береді.
Осындай белгісіздік жағдайында сарапшылар жинақтарды "60/40" формуласымен сақтауды ұсынады:
- Активтердің 50-60%-ын теңгеде (депозиттер мен облигациялар) ұстау жоғары пайыздық мөлшерлеме есебінен табыс әкеледі;
- 40-50%-ын валютада (доллар, еуро) сақтау девальвация қаупінен қорғайды;
- Қосымша 5-10%-ын алтынға салу жаһандық дағдарыстар кезінде қауіпсіздік жастығы болады.
Жәнібек Айғазиннің айтуынша, тым күшті теңгенің де өз зияны бар. Ол отандық тауар өндірушілердің өнімін сыртқы нарықта қымбаттатып, олардың бәсекеге қабілеттілігін жояды. Сондықтан алдағы уақытта валюта бағамының құбылмалылығы - уақытша құбылыс емес, біз бейімделуіміз керек жаңа экономикалық шындық болмақ.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын