$ 463.41 € 546.27 ₽ 6.18

Айбек Дәдебай «Әділет» саяси партиясының төрағасы болып сайланды

Редакция
07 мамыр 2026, 13:09
Айбек Дәдебай «Әділет» саяси партиясының төрағасы болып сайланды Сурет авторы: Фото пресс-службы Акорды

Бүгін елордада «Әділет» саяси партиясының құрылтай съезі өтті. Жиын барысында делегаттардың бірізді шешімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің экс-басшысы Айбек Арқабайұлы Дәдебай партия төрағасы болып сайланды.

Партияның құрылтай съезіне еліміздің барлық өңірлерінен 1000-нан астам делегат қатысты. Күн тәртібінде саяси бірлестіктің құрылғаны туралы ресми мәлімдеме жасалып, ұйымның Жарғысы мен Бағдарламасы бекітілді. Сондай-ақ, партияның Саяси кеңесі мен бақылау-ревизиялық комиссиясының құрамы жасақталды.

«Әділет» партиясы өз қызметінің негізгі бағыты ретінде Мемлекет басшысының реформалар курсын қолдауды және «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыруды айқындады. Партия өкілдерінің мәлімдеуінше, ұйым заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға және мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне бұқараның қатысуын кеңейтуге күш салады.

Айта кетейік партия құру туралы бастама осы жылдың сәуір айында көтерілген болатын. Бүгінгі таңда партия қатарына еліміздің түкпір-түкпірінен 9 312 мүше қабылданып, заңнамада белгіленген барлық нормативтік талаптар орындалды.

 

Соңғы жаңалықтар