Түрмедегілерді тамақтандыруға қосымша 8,7 млрд теңге қажет – депутат
Сурет авторы: Sputnik / Антон Денисов
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, елдегі түзеу мекемелеріндегі ахуалдың өте ауыр екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Қылмыстық-атқару жүйесіне (ҚАЖ) жеткілікті қаржы бөлінбей отыр. Салдарынан саладағы негізгі міндеттер орындалмай қалып жатыр.
Құспан келтірген дерек бойынша, 2025 жылға ІІМ ҚАЖ комитеті 151,4 млрд теңге сұрағанымен, тек 88,3 млрд теңге ғана мақұлданған. Қаржылық дефицит 42% немесе 63 млрд теңге болды. Әсіресе, сотталғандарды азық-түлікпен, киім-кешекпен және коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету бағытында қиындықтар бар. Сонымен қатар тұтқындар санының өсуі мен тарифтердің қымбаттауы жағдайды ушықтырып отыр.
Депутат 14,1 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы бөлуді шұғыл түрде қарастыруды ұсынды. Оның ішінде:
-
8,7 млрд теңге – тамақтандыруға;
-
3,4 млрд теңге – коммуналдық қызметтерге;
-
2 млрд теңге – киім-кешек пен төсек-жабдықтарға қажет.
Абзал Құспан шетелдік сотталғандарды елдеріне қайтару жұмысының баяу жүріп жатқанын да сынға алды: жыл басынан бері 1 000-нан астам адамның тек 45-і ғана қайтарылған. Ол бұл бағытта халықаралық ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды.
Сондай-ақ депутат соттар тарапынан гуманитарлық нормалардың жеткіліксіз қолданылып отырғанын атап өтті. 2024 жылы келіп түскен 12 445 өтініштің тек 37%-ы ғана қанағаттандырылған. Ол залалды өтеген және тәртіп бұзбаған сотталғандарға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жаза түрін ауыстыру нормаларын кеңінен қолдануға шақырды.
Кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге қатысты жаза мерзімін ізгілендіру мәселесін де көтерген Құспан 2020 жылдан бері бұл санаттағы 83 өтініштің тек 11-і ғана қанағаттандырылғанын мәлімдеді.
Сауалда түрмелердің инфрақұрылымының тозығы жеткені де айтылды. Елдегі түзеу мекемелерінің 75%-ы өткен ғасырдың 30–70 жылдары, кейбірі тіпті патшалық Ресей заманында салынған. Депутат барақ үлгісіндегі мекемелерді заманауи камералық жүйемен алмастыру қажеттігін атап өтті.
Депутаттың пікірінше, бұл мәселелер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқасында көтерген тапсырмаларымен толық үндеседі. Осыған байланысты ол Үкімет басшысынан нақты шаралар қабылдауды сұрады.
Соңғы жаңалықтар
-
Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Рауан Кенжеханұлы: Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітті
1 сағат бұрын
-
Жолдағы жаңа ережелер: Астанаға күн сайын кіретін 150 мың көлік қалай бақыланады
1 сағат бұрын
-
Айыппұлмен шектелмейді: жол ережесін жиі бұзғандарға жаза күшейтілмек
2 сағат бұрын
-
Оң жақ рөлді көліктер таксиге жіберілмейді: ІІМ бақылауды күшейтеді
2 сағат бұрын
-
Қазақстан қоржынына бесінші алтын түсті: ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды
2 сағат бұрын
-
Диктант, шығарма, бақылау жұмысы: бастауыш сынып оқушылары қалай бағаланады
2 сағат бұрын
-
Жылуды қашан қосады: Қай өңірлерге ерте берілетіні белгілі болды
3 сағат бұрын
-
Американың жетекші БАҚ өкілдері Дональд Трампты сотқа берді
3 сағат бұрын
-
АҚШ Иранмен қақтығыс біткен соң Таяу Шығысты қалпына келтіруге 5 млрд доллар бөлуі мүмкін
3 сағат бұрын
-
WBC чемпионы Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырып, бұрынғы допинг дауын есіне салды
3 сағат бұрын
-
Зеленский Ресейдің энергетика нысандарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады
3 сағат бұрын
-
АҚШ-тағы қымбатшылық Трамптың рейтингін рекордтық 32 пайызға түсірді
4 сағат бұрын
-
Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды
4 сағат бұрын
-
Жаңбыр, найзағай және +32 градус: 22 қыркүйекте күн райы қандай болады
4 сағат бұрын
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
17 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
20 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
20 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
21 сағат бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
21 сағат бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
22 сағат бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
22 сағат бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
22 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
1 күн бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
1 күн бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
1 күн бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
1 күн бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
1 күн бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
1 күн бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
2 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
3 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
3 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
3 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
3 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
4 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
4 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
4 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
4 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
4 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
5 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
5 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
6 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
6 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
6 күн бұрын