$ 446.56 € 512.34 ₽ 5.3

Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді

Абдрахманов Мағжан
21 қыркүйек 2026, 15:32
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді Сурет авторы: ortcom.kz

Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасы Ресейде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының үш оқу-жаттығуына қатысады. Жеке құрам мен әскери техниканың қозғалысы 21 қыркүйек пен 5 қазан аралығында жүзеге асырылады, деп хабарлады Қазақстанның Қорғаныс министрлігі.

«Өзара іс-қимыл – 2026», «Іздеу – 2026» және «Эшелон – 2026» оқу-жаттығулары Ресей аумағында 24 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді. Қазақстандық әскери техника мен жеке құрам теміржол арқылы Қазақстан аумағынан Ресейдің Челябі облысындағы Мисящ стансасына дейін жеткізіліп, кейін кері қайтарылады.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, далалық сабақтар барысында әскердің шеру дайындығы, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді бірлесіп орындау пысықталады.

Ведомство аталған оқу-жаттығулар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлық жөніндегі бекітілген жоспарларына сәйкес өткізілетінін атап өтті. Мұндай жаттығулар ұйымға мүше елдердің аумағында кезекпен ұйымдастырылады.

Қорғаныс министрлігі әскери техника мен жеке құрамның қозғалысына байланысты азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми дереккөздердегі мәліметке сүйенуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар