$ 446.56 € 512.34 ₽ 5.3

Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды

Абдрахманов Мағжан
21 қыркүйек 2026, 17:09
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды Сурет авторы: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қуанышбек Үштаевты Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындады. Осы қызметті атқарып келген Мереке Көшекбаев лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының тиісті өкімдері 21 қыркүйекте жарияланды. Мереке Көшекбаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметін 2024 жылғы қарашадан бері атқарған.

Қуанышбек Үштаев бұған дейін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болған. Ол 1997 жылы Алматы жоғары әскери училищесін, 2009 жылы Ұлттық қорғаныс университетін, ал 2018 жылы Ресей Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын тәмамдаған.

Үштаев әр жылдары әскери бөлімдерді басқарған, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы және осы өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар