Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
Сурет авторы: ШҚО әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Польшаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Михал Лабендамен кездесіп, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Биыл қаңтар-шілде аралығында Шығыс Қазақстан мен Польша арасындағы тауар айналымы шамамен 4,9 млн АҚШ долларын құрады.
Өткен жылдың сәйкес кезеңінде екі тарап арасындағы сауда көлемі 4,4 млн доллар болған. Биыл Шығыс Қазақстаннан Польшаға шығарылған тауар көлемі 17 пайызға артып, 2,5 млн доллардан асты. 2025 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 2,17 млн доллар шамасында болған.
Өңірдің Польшаға шығаратын өнімдерінің басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласына тиесілі. Экспорттың 40 пайызын зығыр тұқымы, 39 пайызын рапс тұқымы, тағы 14 пайызын өсімдік тектес материалдар құрайды.
Кездесуде тараптар бұған дейінгі бірлескен жұмыстың нәтижелерін саралап, алдағы уақытта серіктестікті дамытуға болатын бағыттарды қарастырды. Облыс әкімі өңірде жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бар екенін айтып, әсіресе агроөнеркәсіп саласына қызығушылық жоғары екенін атап өтті.
«Біздің өңір жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ашық. Өзара ынтымақтастыққа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын нақты көрсеткіштерден де көруге болады. Әсіресе агроөнеркәсіптік кешенге қызығушылық жоғары. Біз инвесторларға қажетті қолдау көрсетіп, Шығыс Қазақстан аумағында бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасауға дайынбыз», – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Польшаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Михал Лабенда Шығыс Қазақстанның экономикалық мүмкіндігін жоғары бағалады. Оның айтуынша, Польша өңірмен ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын ғана емес, өнеркәсіптік және технологиялық ынтымақтастықты да кеңейтуге мүдделі.
«Польша Шығыс Қазақстанды сенімді әрі стратегиялық маңызы бар серіктес ретінде қарастырады. Біз сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрақты жеткізуге ғана емес, екі ел кәсіпорындары арасындағы өнеркәсіптік және технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге де мүдделіміз», – деді Михал Лабенда.
Биыл Польшадан Шығыс Қазақстанға жеткізілген тауар көлемі 2,28 млн долларға жуықтады. Былтыр осы кезеңде импорт шамамен 2,24 млн доллар болған. Польшадан әкелінетін өнімдердің 14 пайызын полиацетальдар, полиэфирлер мен эпоксидті шайырлар, 12 пайызын жасанды полимерлер негізіндегі бояулар мен лактар құрайды. Құю қалыптарына арналған дайын байланыстырушы заттар мен өзге де химиялық өнімдердің үлесі – 9,5 пайыз.
Кездесу қорытындысында тараптар өзара байланысты жалғастырып, Шығыс Қазақстан мен Польшаның кәсіпкерлік ортасы арасында тікелей қарым-қатынас орнатуға жәрдемдесуге уағдаласты.
Соңғы жаңалықтар
-
МӘМС болмаса да: 2027 жылдан бастап қазақстандықтар қандай тексеруден тегін өте алады?
18 сағат бұрын
-
Қытай көлік экспортын қатаңдатады: бұл Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?
19 сағат бұрын
-
Сабақтан кейінгі жанжал мектеп оқушысының өлімімен аяқталды
20 сағат бұрын
-
«TikTok-менталитеттен» арылудың жолы: Тоқаев жастардың мінез-құлқын өзгертетін бастама ұсынды
20 сағат бұрын
-
Қазақстанның робототехника құрамасы FIRST Global Challenge 2026 халықаралық чемпионатында үздік төрттікке енді
21 сағат бұрын
-
Ерлан Қошанов: Мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты диалогтың жұмыс істейтін жүйесін құруға тиіспіз
21 сағат бұрын
-
Қазақстанда семіздікті кешенді емдеу мен алдын алудың жаңа бағдарламасы басталды
1 күн бұрын
-
Ресейдің сұрауымен Астанада ұсталған Украина азаматы босатылды
1 күн бұрын
-
Астанада әскери ұшақтар ұшып, жол қозғалысы шектеледі: себебі неде?
1 күн бұрын
-
Үндістанда танкерде бірнеше ай қалған қазақстандық елге қайтарылады
1 күн бұрын
-
Непалдағы апат: жоғалды деп есептелген қазақстандық елде екені анықталды
1 күн бұрын
-
Доллар қайта қымбаттады: 9 қазандағы валюта бағамы
1 күн бұрын
-
Солтүстікте күн суытады, оңтүстікте +24 градус: 9 қазанға болжам
1 күн бұрын
-
Қазақстан Халық Кеңесі 2026–2027 жылдарға арналған жұмыс жоспарын талқылады
1 күн бұрын
-
Экологиялық мәдениет сенбілікпен шектелмейді: Өскеменде жастар «Таза Қазақстан» идеясы төңірегінде бірікті
1 күн бұрын
-
Құрылтай IT мамандарын жасанды интеллект бойынша ұсыныс беруге шақырды
1 күн бұрын
-
БАӘ министрі Астанадағы фестивальді жасанды интеллектің үздік үлгісі ретінде бағалады
1 күн бұрын
-
АҚШ-та қалғысы келетін шетелдік студенттерге талап күшейтілуі мүмкін
1 күн бұрын
-
«Жапонияда 11 мың, Қазақстанда 463 мың теңге»: Аймағамбетов дәрі мәселесін көтерді
1 күн бұрын
-
Қазақстанда кімге мемлекеттен жәрдемақы берілмейді? Отбасыңыздың әл-ауқаты баллмен есептеледі
1 күн бұрын
-
14 қазақстандық соғыс аймағынан қайтарыла ма? СІМ жауап берді
1 күн бұрын
-
Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесмен анықталды: Forbes жаңа рейтинг жариялады
2 күн бұрын
-
Астанада гардеробта балалар қысылып қалған видеодан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды
2 күн бұрын
-
Алматы облысында тротуардағы балаларды қағып кеткен жүргізуші ұсталды
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап ауқатты қазақстандықтарға бірқатар жәрдемақы төленбейді: Үкімет тізімді бекітті
2 күн бұрын
-
ДДСҰ артық салмағы бар балаларды операция мен дәрі-дәрмексіз емдеудің жолын айтты
2 күн бұрын
-
Жаңбыр, сулы қар және көктайғақ: 8 қазанда күн райы қандай болады
2 күн бұрын
-
Тоқаев Путинге телефон соғып, туған күнімен құттықтады
2 күн бұрын
-
ЖСН-ді өзгертуге бола ма: ІІМ жауап берді
2 күн бұрын
-
Астанада діндердің климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі рөлі туралы құжат қабылданды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда әскери қылмыстардан зардап шеккендер саны рекордтық деңгейге жетті
2 күн бұрын
-
Құрылтай 6 жоғары сот өкілдерін лауазымдарынан босатты
2 күн бұрын
-
Қазақстан неге дәл Сербиямен әскери ынтымақтастықты күшейтіп жатыр?
2 күн бұрын
-
Тоқаев FIDE басшысы болған Тимур Турловқа бірқатар міндет қойды
2 күн бұрын
-
Университет курстарын ЖИ әзірлейді: SDU студенттері отандық AI-платформа ойлап тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстаннан Нью-Йоркке тікелей рейс ашу тағы кейінге қалды
2 күн бұрын
-
Астанада 15 ЖОО студенттері бағын сынаған театрландырылған байқау өтті
2 күн бұрын
-
Ресей әскерінен қашып, Қазақстанға кірген азамат елден шығарылмақ
2 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өндіре тұра, неге Ресейден бензин мен дизель сатып алады?
2 күн бұрын
-
Қазақстан мен Сербия бір-біріне қару-жарақ пен әскери техника жеткізе алады
3 күн бұрын
-
Шоты бұғатталған қазақстандықтардың негізгі қажеттіліктеріне ақша қалдыру ұсынылды
3 күн бұрын
-
Құрылтайдағы мандатын тапсырған Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болды
3 күн бұрын
-
Студенттердің банк карталары бақыланады: Парламентте маңызды бастама көтерілді
3 күн бұрын
-
30 млрд теңге үнемделеді: Қазақстан Ресейден мұнай өнімдерін импорттауды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Адам миын жарықпен басқару: Медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды
3 күн бұрын
-
«140 мың теңге айлық»: Қазақстандық дәрігерлер жалақыны өсіруді талап етіп жатыр
3 күн бұрын
-
Құрылтай депутаты Татьяна Савельева өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатты
3 күн бұрын
-
Ресейдегі зертханашының қазасы: ДДСҰ оба тарау қаупін бағалады
3 күн бұрын
-
«Сенесіз бе, сенбейсіз бе...»: Трамп Украинадағы соғысты тоқтатудың соңғы кезеңіне келгенін мәлімдеді
3 күн бұрын
-
Ресейдегі соғыс аймағына тап болған қазақстандықтар елге қалай қайтарылады?
3 күн бұрын