$ 448.44 € 514.81 ₽ 5.33

Жаңбыр, найзағай және +32 градус: 22 қыркүйекте күн райы қандай болады

Абдрахманов Мағжан
22 қыркүйек 2026, 09:38
Жаңбыр, найзағай және +32 градус: 22 қыркүйекте күн райы қандай болады Сурет авторы: Pixabay

22 қыркүйекте Қазақстанның батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашын болмайды, деп хабарлады Қазгидромет. Республика бойынша жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +20…+22 градус, түнде +6…+8 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 5–10 метрге жетеді.

Алматыда да жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +25…+27 градус, түнде +13…+15 градус болады. Жел секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады.

Шымкентте күндіз ауа температурасы +28…+30 градусқа дейін көтеріледі. Түнде +12…+14 градус шамасында болады, жауын-шашын күтілмейді.

Жалпы ел бойынша күндіз батыста ауа температурасы +25…+32, солтүстік пен орталықта +18…+27, шығыста +13…+23, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +25…+32 градус аралығында болады.

Соңғы жаңалықтар