$ 446.56 € 512.34 ₽ 5.3

Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады

Абдрахманов Мағжан
21 қыркүйек 2026, 16:28
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады Сурет авторы: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, оны Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы дауыс беру үдерісінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сондай-ақ Ресей парламентінің жаңа құрамы ел мен азаматтардың игілігі үшін жемісті қызмет етуіне тілектестік білдірді.

Әңгіме барысында Тоқаев пен Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Бұдан бөлек, екі ел басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі кездесулер кестесін талқылады.

Соңғы жаңалықтар