$ 519.64 € 609.23 ₽ 6.62

Тоқаев БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Абдрахманов Мағжан
24 маусым 2025 18:29 57
Тоқаев БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай журналистерді құттықтап, саланың бірқатар өкілін марапаттады.

Президент ұлттық медианы халықтың үні деп атап, журналистиканы жасампаздық пен қоғамдық сенімнің негізгі құралына теңеді.

– Сіздер мемлекет саясатын елге түсіндіріп, қоғам мен биліктің арасында көпір болып келесіздер. Елімізде жасалып жатқан реформалардың мән-мағынасын жұртшылыққа жеткізіп жүрсіздер. Бұл – өте маңызды, күрделі, ерекше жұмыс. Әрбір адамның қолынан келмейді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы соңғы жылдары елде ауқымды өзгерістер жүзеге асқанын атап өтті. Оның айтуынша, жалпыұлттық референдум арқылы Конституция жаңартылып, билік тармақтары түгел жаңғыртылған.

– «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» қағидаты орнықты. Билікке жаңа буын саясаткерлер келіп жатыр. Қоғамда пікір алуандығы орнықты, яғни, өз ойын заңға сәйкес айта алатын, көкірегі ояу, өркениетті қоғам орнығуда. Халқымыздың мүлде жаңа саяси болмысы қалыптасты, – деді Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар