Сүт безі қатерлі ісігі: Неге ерлердің өлім-жітімі әйелдерден жоғары?
Сүт безінің қатерлі ісігі әйелдер арасында ең көп таралған онкологиялық ауру саналады, алайда бұл дерт ер адамдарда да кездеседі. Дегенмен медицинада ерлердегі бұл қатерлі ісікті емдеу бойынша нақты бірізді әдіс әлі қалыптаспаған. Қазіргі таңда емдеу тәсілдері негізінен әйелдерде қолданылатын тәжірибеге сүйенеді, деп хабарлады DW.
Германияның Эрланген қаласындағы Бавария денсаулық сақтау және азық-түлік қауіпсіздігі ведомствосы жариялаған жаңа зерттеу мәліметтеріне сәйкес, ерлер бұл дертке сирек шалдыққанымен, олардың өлім-жітім көрсеткіші әйелдерге қарағанда жоғары. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, сүт безі қатерлі ісігі анықталғаннан кейін бес жыл өмір сүретін әйелдердің үлесі 80,4% болса, ер адамдар арасында бұл көрсеткіш шамамен 70%-ды құрайды.
Ғалымдар 2000 жылдың 1 қаңтарынан 2018 жылдың 21 желтоқсанына дейін сүт безі қатерлі ісігі диагнозы қойылған 2500 ер адам мен 307 мыңнан астам әйелдің деректерін зерттеді. Сарапшылардың пікірінше, ер адамдар бұл дертке сирек шалдығатындықтан, оның диагностикасы, емдеу әдістері және болжамдары туралы ғылыми мәліметтер жеткіліксіз.
Ерлер неге сүт безі қатерлі ісігінен жиі қайтыс болады?
Ғалымдар ер адамдардың сүт безі қатерлі ісігіне шалдығу қаупі 0,1%-ды құрайтынын, ал әйелдерде бұл көрсеткіш 13,2% екенін анықтады. Германияның Роберт Кох институтының дерегіне сүйенсек, 2020 жылы бұл дерт 70 550 әйел мен 740 ер адамнан анықталған. Жыл сайын Германияда шамамен 700 ер адамға осы диагноз қойылады.
Зерттеушілер ерлер арасындағы өлім-жітімнің жоғары болу себептерін талдап, мынадай негізгі факторларды анықтады:
- Ерлерде қатерлі ісік анықталған кезде ол жиі кеш сатысында болып, емдеу қиындайды.
- Диагноз қойылған кездегі науқас ерлердің орташа жасы әйелдерге қарағанда жоғары.
- Ер адамдар бұл ауруға аса мән бермей, профилактикалық тексерулерден сирек өтеді.
Дегенмен тіпті осы факторларды ескермегеннің өзінде, ерлердегі өлім-жітім деңгейі әйелдерден жоғары болып қала береді. Сарапшылардың пікірінше, бұған генетикалық ерекшеліктер, өмір салты және биологиялық факторлар әсер етеді.
Бавариялық ғалымдар ер адамдар уақытылы ем қабылдаған жағдайда, олардың сауығу мүмкіндігі әйелдермен шамалас болатынын атап өтті. Сондықтан мамандар ер адамдарға да сүт безі аймағындағы өзгерістерге мән беріп, денсаулығына мұқият қарауға және тұрақты медициналық тексеруден өтуге кеңес береді.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын