$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Қызметкерге қамқорлық: "Астана Тазалық" үй алуға 4% несие бағдарламасын бастады (ВИДЕО)

Дулат Абдраманов
03 желтоқсан 2025 14:54 59
Қызметкерге қамқорлық: "Астана Тазалық" үй алуға 4% несие бағдарламасын бастады (ВИДЕО)

«Астана Тазалық» қызметкерлеріне жеңілдетілген шартпен баспана алуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама іске қосылды. Компанияның бас директоры Замир Сағиновтың айтуынша, бұл жоба бойынша Отбасы банкпен келісімшартқа қол қойылған, тіпті үй алатын қызметкерлердің тізімі де әзір.

Бағдарлама аясында қызметкерлерге 4% мөлшерлемемен ипотека беріледі. Сонымен бірге «Астана Тазалық» алғашқы жарнаның қажетті бөлігін өз есебінен төлеп бермек. Қазір банкке алдын ала жинақ қаражаты бар, бірақ алғашқы жарна толық жетпеген азаматтарға қолдау көрсетіліп, оларды жыл соңына дейін баспаналы ету жоспарланып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар