Мемлекеттің 500 млрд теңгесі қайда кетті? Аудиторлар дабыл қақты
Сурет авторы: Freepik
Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) жұмысын тексеріп, олардың қызметінде көптеген заңбұзушылық пен тиімсіз шешімдер бар екенін анықтады. Мемлекеттік аудиттің қорытындысы палата төрағасы Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен отырыста жарияланды.
Тексеру барысында ӘКК құрылымдарында жүйесіз жұмыс пен бақылаудың жоқтығы анықталды. Корпорациялар мемлекеттік жоспарлау жүйесіне енбеген, даму жоспарлары формалды түрде жасалған, ал олардың нәтижесі әкімдіктердің тиімділігін бағалауға әсер етпейді. Әлихан Смайыловтың айтуынша, Ұлттық экономика министрлігі ӘКК қызметін реттеп, бірыңғай тәсіл қалыптастыруы қажет.
«Қазір әр өңірдегі ӘКК өз қалауынша әрекет етеді. Көп жағдайда олардың шешімдері Кәсіпкерлік кодексіне қайшы келеді», – деді Смайылов.
Аудит нәтижесінде соңғы бес жылда ӘКК-лерге 528 млрд теңгеден астам бюджет қаржысы бөлінгені анықталды. Оның ішінде 288 млрд теңгесі кәсіпкерлерді қолдауға арналған. Алайда өңірлік экономиканы дамытуға бағытталған жобаларға қаржы салудың орнына, көптеген ӘКК бұл қаражатты банктердегі депозиттерге орналастырып келген.
Мемлекеттік қолдауға қарамастан, корпорациялардың шығыны өсіп отыр. 2025 жылдың басында жинақталған шығын көлемі 209 млрд теңгеден асып, 2020 жылмен салыстырғанда жеті есе көбейген. 2024 жылы ӘКК-лерден түскен дивиденд көлемі небәрі 0,5 млрд теңге болып, алдыңғы жылмен салыстырғанда төрт есе азайған.
Аудит барысында нақты мысалдар да келтірілді:
• «Ертіс» ӘКК 16,6 млрд теңгеге тұрғын үй құрылысы жобасын іске асырған, алайда тексеру кезінде 3,3 млрд теңге көлемінде бұзушылық анықталды;
• «Aqjaiyq» ӘКК-ге инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін бөлінген жерлер игерілмей, кейбірі басқа коммерциялық мақсаттарға қайта бағытталған;
• «Ақтөбе» ӘКК соңғы үш жылда бір ғана компанияға 11,2 млрд теңге көлемінде несие мен субсидия берген, ал шешімді қабылдаған комиссия құрамында сол компаниямен байланысы бар тұлға болған;
• Ал «Семей» ӘКК-де жобалар қаржыны тез игеру мақсатында тиісті талдаусыз іріктелген.
Бұдан бөлек, тұрақтандыру қорларына қатысты да елеулі кемшіліктер табылған. Ондағы өнімдер дұрыс сақталмайды, ассортименті шектеулі, ал кей тауарлар сұраныссыз. Осы себепті қорлар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға нақты әсер ете алмай отыр.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша 138 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 14,5 млрд теңгенің тиімсіз жоспарланғаны және 33,6 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалғаны анықталды. Бұл істер бойынша 14 материал құқық қорғау органдарына жіберілмек.
Соңғы жаңалықтар
-
Абай облысының жастары заманауи цифрлық дағдыларды трендке айналдыруда
6 сағат бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
6 сағат бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
6 сағат бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
1 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
1 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
1 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
1 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
1 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
1 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
1 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
1 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
1 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
1 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
1 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
1 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
1 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
1 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
1 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
1 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
1 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
1 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
1 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
2 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
2 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
2 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
2 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
2 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
2 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
2 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
2 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
2 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
2 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
2 күн бұрын
-
Трамп Зеленскийден Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасауды тоқтатуды талап етті
2 күн бұрын
-
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
2 күн бұрын
-
Тоқаев мемлекеттік сапармен Оңтүстік Кореяға барды
2 күн бұрын
-
ALGA! фестивалі Балқашта 500-ден астам оқушыны біріктірді
3 күн бұрын
-
Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін ағзасын донорлыққа беруге келісім берді
3 күн бұрын
-
Трамп Тоқаевты Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады
3 күн бұрын
-
Елена Рыбакина US Open чемпионы атанды
3 күн бұрын
-
Алматыда тағы бір сауда орталығында кітап беру пункті ашылды
4 күн бұрын
-
Санжар Боқаевтың ісі сотқа түсті
5 күн бұрын
-
Дәрігерлер Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен азаматтың жағдайын айтты
5 күн бұрын
-
Күршімде қыс алды даярлық басталып, жылу инфрақұрылымы жаңғыртылуда
5 күн бұрын
-
Әлемді өзгерткен 11 қыркүйек: АҚШ-тағы терактіге 25 жыл
5 күн бұрын
-
Иран, OPEC+ және Қашаған: Қазақстан мұнайына үш жақтан қысым күшейді
5 күн бұрын
-
Binance Қазақстанда банк ашпақ
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллектің адамзатты жойып жіберу қаупі 10 пайыздан асты – сарапшылар
5 күн бұрын
-
Қазақстан неліктен «Евровидение-2027» ән байқауына қатыса алмайды?
5 күн бұрын