$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Ринат Зайыттың анасы қайтыс болды

Редакция
02 желтоқсан 2025, 11:05
Ринат Зайыттың анасы қайтыс болды

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыттың анасы Роза Қалияскаровна дүниеден өтті. Қаралы хабарды оның әріптесі, депутат Мақсат Толықбай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Ринат Зайыт бауырымыздың анасы қайтыс болды. Асылынан айырылған досымның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жаназа намазы да, жерлеу рәсімі де Семей қаласында өтеді», — деп жазды депутат өзінің Facebook парақшасында.

Марқұмның жаназасы 3 желтоқсан күні сағат 10:00-де Семей қаласындағы Абай атындағы мешітте өтеді.
Ал қонақасы сол қаладағы «Хан Тенгри» мейрамханасында (Нұрбаева 31 мекенжайы) 2 желтоқсан күні сағат 18:00-де берілетіні хабарланды.

Соңғы жаңалықтар