Қазақстанда 35 мыңнан астам шетелдік студент оқиды
Сурет авторы: Коллаж Ulysmedia
Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі жетекші білім беру орталықтарының бірі ретінде өз позицияларын қарқынды түрде күшейтіп келеді. 2025 оқу жылында еліміздің жоғары оқу орындарында 88 мемлекеттен келген 35 075 шетелдік студент білім алып жатыр. Бұл көрсеткіш интернационалдандыру үдерісінің тұрақты өсімін және отандық жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдейді.
Шетелдік студенттер санының өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға өсуі Қазақстанның сапалы білім беру бағдарламаларын, халықаралық академиялық орта мен кәсіби дамуға кең мүмкіндіктер ұсынатын толыққанды білім беру орталығын қалыптастыру кезеңінде екенін айқын көрсетеді.
Шетелдік студенттердің құрылымы білім алушылар географиясының айтарлықтай кеңейгенін байқатады. Көш бастап тұрған мемлекеттер:
🔹Үндістан – 9 959
🔹Түрікменстан – 9 089
🔹Өзбекстан – 4 136
🔹Қытай – 3 367
🔹Ресей – 2 426
Оңтүстік Азия, Орталық Азия және Қытайдан келетін студенттердің жоғары үлесі Қазақстанның медицина, инженерия, IT және әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша бәсекелі білім беру бағдарламаларына сұраныс артқанын көрсетеді.
Шетелдік талапкерлер үшін негізгі артықшылықтар:
🔹өңірдің бірқатар мемлекетімен салыстырғанда қолжетімді оқу ақысы;
🔹қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдарының танылуы және халықаралық серіктестіктер;
🔹инфрақұрылымның жақсаруы және практикалық дайындыққа басымдық берілуі.
Алматы, Астана және Шымкент шетелдік студенттерді тартудың үш негізгі орталығы болып қалыптасты:
🔹Алматы – 18 195 студент
🔹Астана – 4 292
🔹Шымкент – 3 645
Алматыда ұлттық университеттерді, медициналық жоғары оқу орындарын және жеке білім беру ұйымдарын қамтитын Орталық Азиядағы ең ірі білім беру кластері қалыптасқан. Астана ғылыми-зерттеу орталықтарының дамуы және халықаралық білім беру бастамалары арқылы зияткерлік орталық ретіндегі орнын күшейтіп жатыр. Шымкент еліміздің оңтүстігіндегі индустриялық-білім беру тірегіне айналып келеді.
Осы үш орталықтың жиынтығы Қазақстанның Ташкент, Бішкек және Баку қалаларымен өңірлік көшбасшылық үшін бәсекелесе алатынын көрсетеді.
Ұлттық университеттер шетелдік студенттерді тартуда стратегиялық драйверге айналды. Шетелдік студенттер саны бойынша үздік 5 ЖОО:
1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 4 497
2. С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – 2 687
3. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ – 2 483
4. Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ – 1 759
5. М.Әуезов атындағы ОҚМУ – 1 730
Шетелдік студенттердің ұлттық университеттерде шоғырлануы білім беру бағдарламаларының сапасына деген сенімнің артуын, ғылыми инфрақұрылымның нығаюын, жаңа даярлық бағыттарының дамуын, сондай-ақ халықаралық серіктестіктер мен бірлескен ғылыми жобалардың кеңеюін айғақтайды.
Білім беру бағыттары бойынша сұраныстың негізгі векторлары:
🔹Денсаулық сақтау және медицина – 12 950
🔹Педагогика – 5 943
🔹Бизнес және құқық – 4 539
🔹Инженерия – 3 374
🔹Ақпараттық технологиялар – 2 141
Бұл құрылым техникалық, медициналық және IT салаларына жаһандық сұраныстың артуын, сондай-ақ Қазақстанның Оңтүстік және Орталық Азия нарықтары үшін кадрлар даярлаудағы рөлін айқын көрсетеді. Жалпы алғанда Қазақстан білім беру қызметтерін экспорттау бойынша өңірлік көшбасшы ретіндегі позициясын сенімді түрде нығайтып келеді.
Соңғы жылдардағы жоғары білім беру реформалары – жетекші шетелдік университет филиалдарының ашылуы, ғылыми кластерлердің дамуы, стандарттардың жаңартылуы және халықаралық академиялық желілердің кеңеюі – саланың экспорттық әлеуетін тұрақты арттыруға жағдай жасап келеді. Нақты деректер Қазақстанның Орталық Азиядағы ірі білім беру орталықтарының қатарында ғана емес, сонымен бірге өңірлік кадр даярлау үдерістеріне ықпал ететін өз білім беру хабын қалыптастырып келе жатқанын дәлелдейді.
Министрлік ашықтық, интернационалдандыру және жаһандық академиялық кеңістікке интеграция саясатын жалғастырады.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын