$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заң жобасы неліктен кейінге қалдырылды?

Дулат Абдраманов
04 желтоқсан 2025 17:17 326
ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заң жобасы неліктен кейінге қалдырылды?

Сенат отырысының күн тәртібінен ЛГБТ «насихатына» қатысты заң жобасы алынғаны хабарланды. Бастапқыда 3 желтоқсанда сағат 17:48-де сенат талқылайтын заңдар тізімінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұрағат істері мен заңсыз контентті шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да болған. Алайда шамамен 2,5 сағаттан кейін жарияланған жаңа хабарламада бұл норма жоқ.

Ақпаратқа сәйкес, брифингке қатысуы жоспарланған мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов пен Айбек Сыдықов та қатысушылар тізімінен алынып тасталған.

Жетекші дереккөздердің айтуынша, заң жобасының талқылануы Еуропалық Одақ президентінің Қазақстанға ресми сапары кезінде кейінге қалдырылған. Бұған дейін Мәжіліс ЛГБТ насихатына тыйым салуды көздейтін түзетулерді қабылдап, Сенатқа жолдаған болатын.

Соңғы жаңалықтар