Трамп Венесуэлаға шабуыл жасауды бұйырды: не боп қалды?
Сурет авторы: Арменияның қорғаныс министрлігі
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлаға қарсы құрлықтағы әскери операция бастауға дайындық жүріп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол 2 желтоқсан күні Ақ үйдегі үкімет отырысында айтты.
«Біз енді тек теңізден емес, құрлықтан да соққы береміз. Бұл әлдеқайда оңай. Олардың қандай жолдарды пайдаланатынын, қайда тұратынын, бәрін білеміз. Жақында бастаймыз», – деді Трамп.
Соңғы бірнеше аптада Вашингтонның Венесуэлаға қарсы әскери кампания бастауы мүмкін екені туралы ақпарат тараған. АҚШ әскери кемелері біраз уақыттан бері Венесуэла аумақтық суларына жақын маңда орналасқан.
Ресми түсіндіру бойынша, бұл әрекеттер есірткі картельдеріне қарсы күрес және АҚШ-қа есірткі жеткізілуінің алдын алу мақсатында жасалып жатыр.
«Кім есірткі саудасына қатысса және оны біздің елде сатса, бәрі соққыға ұшырайды», – деді Трамп.
29 қараша күні Трамп Венесуэла әуе кеңістігінің толық жабылғанын жариялаған, бірақ егжей-тегжейін түсіндірмеген.
Бұған дейін, 21 қарашада, бірнеше айға созылған қысымнан кейін Трамп пен Венесуэла президенті Николас Мадуро 15 минут телефонмен сөйлескен. Онда АҚШ президенті Мадуроға бір апта ішінде елден кетіп, отбасымен қалаған еліне бару жөнінде ультиматум қойған.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Мадуро белгілі бір шарттар орындалса, яғни өзіне және жақындарына толық құқықтық амнистия берілсе, елден кетуге келіскен. Алайда Трамп бұл талаптардың көпшілігін қабылдамай, оған қашу үшін бір апта уақыт берген.
Ультиматум мерзімі 28 қарашада аяқталған, бірақ Мадуро елін тастап кетпей, билікте қалуды жалғастырып келеді.
Тамыз айында АҚШ Мадуроны ұстауға көмектесетін ақпарат үшін 50 миллион доллар сыйақы тағайындаған еді. Трамп Венесуэла президентін заңсыз сайланған басшы деп есептейді және сайлау нәтижесін бұрмаланған деп санайды.
АҚШ-тың әскери қысымы күшейген тұста Мадуро Ресей, Қытай және Иранды Венесуэланың қорғанысын нығайтуға шақырған.
БАҚ мәліметінше, Мадуро Владимир Путинге жолдаған хатында әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін жетілдіруге, Су-30 ұшақтарын жөндеуге және радарлар мен зымырандар жеткізуге көмек сұраған.
Осыған дейін, 22 қазан күні, Ресей Венесуэламен стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялаған.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова бұл шешімге түсініктеме беріп, Мәскеу Каракаспен тығыз байланысын сақтап, «қолда бар және ықтимал қауіптерге жауап беруді жалғастыратынын» айтқан.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын