Қызылорда облысынан халық үдере көшіп жатыр
Қызылорда облысының халқы жаппай көшіп жатыр, деп хабарлайды Qrnews тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
2024 жылдың I тоқсандағы қорытындысы бойынша, облыста 843,4 мың адам қалған. Мұндай деректі Ұлттық статистика бюросы келтірді. Бюро мәліметінше, Қызылорда облысында көші-қонның теріс айырмасы қалыптасқан.
"2024 жылғы қаңтар-наурыз айларында өңірден қоныс аударғандар саны көшіп келгендерден 2 216 адамға асып түсті, салыстырғанда, 2023 жылғы қаңтар-наурызда бұл көрсеткіш 924 адамды құраған еді", – деп хабарлады Ұлттық статбюро.
Өңірде бала туу көрсеткіші де азайып, өлім-жітім көбейген. 2024 жылғы қаңтар-наурызда облыста 4 772 сәби ғана дүние есігін ашқан, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурыздағыдан 2,2% кем. Ал биылғы үш айда 1 102 қызылордалық қайтыс болған, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурыздағыдан 1,4%-ға көп.
Биыл шағын және орта кәсіпорындар да былтырғыдан азырақ ашылған.
"Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 10 581 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегіден 2,7% азайды, оның өзінде басым көпшілігі немесе 10 222 бірлігі – 100 адамнан аз қызметкері бар ұсақ компаниялар. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпорын саны 7 922 бірлікті құрап, былтырғыдан 3,1% азайды. 2024 жылғы қаңтар-наурызда еуразиялық одақ елдерімен өзара саудасы 25 млн долларды құрап, 2023 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 7,2% азайды", – деп мәлім етті Ұлттық статбюро.
Есесіне, облыста инфляция шарықтап тұр. Ресми статистика бойынша Қызылорда облысында тұтыну бағасының индексі 2024 жылғы қаңтар-мамыр аралығында 108 пайызға жеткен. Өңірде медициналық қызметтер – 114,1%, қонақүйлер – 113,5%, киім және аяқкиім – 112%, ақылы қызметтер – 110,6%, демалыс және мәдениет қызметтері – 110,4%, тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және отынның басқа да түрлерінің бағасы – 110,2%-ға жеткен.
Сондай-ақ 2024 жылғы мамырда Қызылорда облысының аудандары мен қалаларында ең төмен күнкөріс деңгейі небәрі 44 121 теңге болды.
Сарапшылар қазыналы облыс тұрғындарының кедей болатын жөні жоқ дейді. Алайда тіпті сол қазба байлықты зерттеуге, геологиялық барлауға , инвестиция тартуға баса мән берілмей келеді.
Қызылордалық Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетовтің айтуынша, аймақта өткен ғасырдың 40–60-шы жылдарынан бері пайдалы қазбаларға ауқымды геологиялық зерттеулер мен барлау жұмыстары жүргізілмеген. Көршілес Қарағанды облысында қатты пайдалы қазбалардың 109 кен орны игерілсе, Қызылорда облысында тек 2-ақ кен орны жұмыс жасап тұр.
Қызылорда облысында перспективалы учаскелерге зерттеулер жүргізу жағы кемшін екенін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр да жоққа шығармады. Бұл іске салынып жатқан қаражат ауқымы да мардымсыз, бірер миллион доллардан аспайды.
Қызылорда облысының әкімдігі экономикалық даму көрсеткіштерінің кері кеткенін өңірде мұнайдың таусылып қалғанымен түсіндіреді. Ал Үкімет басшысының бірінші орынбасары облыста басқа да байлық тұнып жатқанын алға тартады.
Қызылорда облысының жер қойнауы мұнайдан бөлек, уран, алтын, темір, қорғасын, ванадий, әк, тұз, кварц құмы, доломит, саздақ, тағы басқа қатты және кең таралған пайдалы қазбаларға бай. Алайда өңір басшылығы қойнауы қазынаға толы жердің ен байлығын ел игілігіне жарата алмай тұр.
Сондықтан да өздері үшін де, ұрпағының болашағы үшін де тірек таппаған қызылордалықтар облыстан үдере көшіп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
-
Республика күніне орай ауқымды жеңілдіктер: Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды
13 сағат бұрын
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
1 күн бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
1 күн бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
1 күн бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
1 күн бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
1 күн бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
1 күн бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
1 күн бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
1 күн бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
1 күн бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
2 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
2 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
2 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
2 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
2 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
3 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
3 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
3 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
3 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
3 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
3 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
3 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
3 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
3 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
4 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
4 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
4 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
4 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
4 күн бұрын