Халық билікке масыл боп алған ба?
Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік көмек көрсету жүйесін сынға алып, қоғамда масылдық психологияға жол бердік деп айтқан болатын. Ол осыған дейін де 2021 жылы Қазақстан халқына Жолдауында "қоғамда әлеуметтік масылдық үрдісі белең алып жатқанын" баса айтқан болатын.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша 500 мыңнан астам қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алған. 2023 жылдың ІІ тоқсанында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 1 млн-нан астам, яғни кедейшілік шегінде 5,1 пайыз халық өмір сүріп жатыр деген сөз.
Экономист Сапарбай Жобаев халықтың үкімет жәрдеміне үйреніп қалғанына биліктің өзі кінәлі деп санайды.
"Біздің халық үкіметтің жәрдеміне үйреніп қалған. Бұл Кеңес дәуірінен басталған дүние. Одан кейін биліктегілер әрбір сөзінде "халық үшін" деп айта береді, содан халық "бізге үкімет бәрін даярлап беруі керек екен" деп ойлайды. 2019 жылы несие төлеу мерзімін кешіктіріп жүрген азаматтарға 300 мың теңгеден несие бердік. Бұл дұрыс болмады, оған экономистер мен қаржыгерлер қарсы еді. Мәселен, біреуі несиесін төлеп жүреді, төлемеген екінші адамның несиесі кешірілді. Төлеген адамда "енді несиені төлемесем болады екен" деген ой пайда болды. Екіншіден, 2021 жылы зейнетақы қорынан 3,5 трлн теңге көбірек ақшасы барларға тұрғын үй жағдайын жақсартуға, денсаулығына деп берілді. Бұл дәулетті азаматтарды қолдап, қуаттайтын бір масылдық болды", - дейді сарапшы inbusiness-ке берген сұхбатында.
Ол баспана кезегіне тек мұқтаж адамдарды ғана қалдыру керек екенін айтады.
"2000 жылдарда Ұлттық қорымызда ақша пайда болды. Сол кезде баспана кезегіне жетімдер, көпбалалы аналар, қандастар ғана емес, әкімшілікте істейтіндер мен бюджеттен қаржыландырылатындар да қойылды. Бұл әлеуметтік бағдарламалардың маңызын жоғалтты. Әкімдіктегілер немесе министрліктер сияқты бюджеттен қаржыландырылатындар бізде қайта ең дәулетті адамдар. Осылайша, өзін-өзі қамтамасыз етіп отырғандар сыртта қалады да, министрліктерде, әкімдіктерде, квазимемлекеттік кәсіпорындарда істейтіндерге жәрдем береді. Бұл, әрине, дұрыс емес. Қазір 600 мыңнан астам адам кезекте тұр. Солардың ішінде тек мұқтаж адамдарды ғана кезекте қалдыру керек еді" , - деп жалғастырды ол.
Соңғы жаңалықтар
-
Республика күніне орай ауқымды жеңілдіктер: Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды
13 сағат бұрын
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
1 күн бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
1 күн бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
1 күн бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
1 күн бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
1 күн бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
1 күн бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
1 күн бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
1 күн бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
1 күн бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
2 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
2 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
2 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
2 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
2 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
3 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
3 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
3 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
3 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
3 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
3 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
3 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
3 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
3 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
4 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
4 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
4 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
4 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
4 күн бұрын