Елімізді тағы су басса, мемлекет зардап шеккендерге үй салып бермеуі мүмкін
Қазақстанда тасқын су салдарынан 13 мыңға жуық үй бүлінді. Оларды қайта қалпына келтіруге республикалық бюджеттің мүмкіндігі жетпейді. Мемлекеттік бюджет тапшылығы 3 триллион теңгеге жетіп отыр. Сондықтан шенеуніктер кәсіпкерлер мен инвесторларды тарту арқылы зардап шеккендерге көмек көрсетуге тырысты, деп хабарлайды Qrnews тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Мысалы, Петропавлда Kaspi АҚ қаржысымен 300 үй, Kazakhmys корпорациясының қаржысымен 100 үй салынып жатыр. KAZ Minerals бастапқы кезеңде 200 пәтер сатып алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар "Қазақстан халқына" қоры да қаржы бөлуде.
Қызыл судан зардап шеккендерге жәрдемдесу үшін құрылған Qyzyljar Asar корпоративтік қорына шамамен 60 миллиард теңге аударылған. Тек Солтүстік Қазақстан облысының инфрақұрылымын қалпына келтіруге, жылжымайтын мүліктерді жөндеуге және жаңасын сатып алуға кем дегенде 75 миллиард теңге қажет. Ал еліміздегі 20 өңірдің 11-ін су басқан.
Бірақ мемлекеттің бизнес есебінен жылу жинап, елге көмек көрсетуі соңғы рет болуы мүмкін.
Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай бастаған топ Үкіметке тасқыннан зардап шеккендерді баспанамен қамту жүгін тұрғындар мен сақтандыру компанияларының мойнына арту бастамасын көтерді.
"Биыл еліміздің бірқатар өңіріне қарғын су басып, 13 мыңға жуық жеке тұрғын үй су астында қалды. Үкімет пен жергілікті билік оның салдарын жоюдың кешенді шараларын ары қарай жүргізіп жатыр. Алайда мұндай төтенше жағдайдағы шығындарды өтеудің мемлекеттік бюджетпен қатар, басқа жаңа жолдарын қарастыру – уақыт талабы. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасы. Ол: "Біз алдағы уақытта азаматтардың мүлкін сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру жолдарын қарастыруымыз қажет. Дамыған елдерде апаттан келген шығынның басым бөлігін сақтандыру компаниялары өз мойнына алады" деген болатын", – деді Бибігүл Жексенбай.
БҰҰ дерегінше, соңғы 20 жылда дүниежүзінде табиғи апаттар екі есе көбейген. Қазақстанның 75%-ында дауыл, көшкін, сел, су тасқыны, жер сілкінісі, орман және дала өрттері сияқты табиғи апаттар қаупі жоғары.
“Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, табиғи және техногендік апаттарға ұшырайтын елдерде сақтандыру қорлары, мемлекеттік бағдарламалар, міндетті сақтандыру жүйелері жұмыс істейді. Мысалы, Түркияда 1999 жылдан бері TCIP (Turkish Catastrophic Insurance Pool) бағдарламасы енгізілген, бұл бағдарлама арқылы мемлекеттік сақтандыру компаниясы құрылған және жылжымайтын мүліктің шамамен 50%-ы осы міндетті сақтандырумен қамтылған. Жапонияда 1966 жылы жер сілкінісіне қарсы сақтандыру бағдарламасы іске қосылған, бұл елдегі үйлердің мүліктік қорғалу деңгейін айтарлықтай арттырған”, – дейді сенаторлар.
Сақтандыру ісінің маманы, андеррайтер Вадим Рожин Қазақстан халқының көбінесе кедей тұратынын еске салды.
"Су басқан аймақтардағы тұрғындарға келген залалды бағалау барысында, біз олардың кедей тұратынын байқадық. Ауыл тұрғындары бірнеше несиелерін өтей алмай отырғанын айтып шағымданды. Жалпы алғанда, бір қабатты үйді су басу, жер сілкінісі немесе табиғи апаттардан сақтандыру жылына шамамен 70-80 мың теңге тұрады. Мұндай соманы ауыл тұрғындары да, тіпті қала тұрғындары да көтере алмайды. Бағалау кезінде үйдің орналасқан жері, салынған жылы, ауданы, құрылыс материалы, тәуекелдер және басқа да факторлар ескеріледі. Саманнан салынған үйлер көп. Оның үстіне, қарғын су жүретін аймақта орналасқан үйлерді сақтандыру қымбатқа түседі," – деді В. Рожин.
Сарапшының айтуынша, биылғыдай су астында қалған 13 мыңға жуық үйге төлем жасау бірде-бір қазақстандық сақтандыру компаниясының қолынан келмейді, олар бұл жағдайда дәрменсіз болып, банкротқа ұшырауы мүмкін. Республикадағы сақтандыру нарығы өте шағын.
Қазақстандықтар баспаналарын көбінесе мәжбүрлі түрде, мысалы, ипотека рәсімдегенде ғана сақтандырады. Бұл сақтандырудан пайда аз болғандықтан орын алады. Ерікті түрде сақтандырылған азаматтар сақтандыру жағдайы туындағанда көмек ала алмағандарын және сақтандыру компанияларының алдап кеткендерін жиі айтып шағымданады.
Үкімет сенаторлар айтпай-ақ, тасқыннан келген залалдың бір бөлігін халықтың мойнына арту жолдарын бұрыннан қарастырып келген. Бұл міндет Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүктелген, оны Мәдина Әбілқасымова басқарады. 2024 жылғы 11 сәуірде агенттік төрағасының бұйрығымен апатты оқиғалар кезінде залалды өтеу моделін анықтау үшін Ұлттық банк, Төтенше жағдайлар, Ұлттық экономика, Қаржы, Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің және әкімдік өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.
2024 жылғы 21 мамырда осы ведомстволар мен Дүниежүзілік банк өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Отырыста Дүниежүзілік банк сарапшылары табиғи апаттар тәуекелдерін қаржыландыру және сақтандыру тәжірибесі, соның ішінде апатты облигациялар (CAT bonds) шығару бойынша презентация жасады.
"Апатты тәуекелдерді өтейтін мүлікті сақтандырудың қолданыстағы ерікті шарттарын талдау үшін, биылғы сәуір айында Қаржы нарығын реттеу агенттігі сақтандыру шарттарының талаптарын, тарифтер мен өтемдерді, андеррайтинг ерекшеліктерін және қайта сақтандыру шарттарын тексерді. Бұл талдау апатты оқиғалар басталған жағдайда залалды өтеу үшін еліміздің сақтандыру нарығының мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бірде-бір ел халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарының көмегінсіз апаттардан келтірілген залалды өз бетімен өтей алмайды. Қайта сақтандыру – апатты оқиғалар сияқты ірі тәуекелдерді қайта бөлудің жалпы қабылданған құралы", – деді Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, халықаралық тәжірибені зерделеу және Қазақстанның сақтандыру нарығын талдау қорытындысы бойынша жұмыс тобы "Қазақстанда апатты оқиғалардан міндетті сақтандыруды енгізу" туралы шешім қабылдады. Тиісті заң жобасын Қаржы нарығын реттеу агенттігі әзірлейтін болады.
Бұл агенттік басқа да іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Біріншіден, мемлекеттік органдардың жауапты орындаушыларын анықтай отырып, "Апатты оқиғалардан сақтандыруды енгізу жөніндегі жол картасын" әзірлеп, бекітеді. Екіншіден, апатты оқиғалардан сақтандыру моделін бекітеді. Үшіншіден, апатты оқиғалардан сақтандыруды енгізу бойынша заңнамалық түзетулер мен нормативтік құқықтық базаны дайындайды.
Соңғы жаңалықтар
-
Республика күніне орай ауқымды жеңілдіктер: Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды
14 сағат бұрын
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
1 күн бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
1 күн бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
1 күн бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
1 күн бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
1 күн бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
1 күн бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
1 күн бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
1 күн бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
1 күн бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
2 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
2 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
2 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
2 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
2 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
3 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
3 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
3 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
3 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
3 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
3 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
3 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
3 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
3 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
4 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
4 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
4 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
4 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
4 күн бұрын