Дін мен билік: Орталық Азия елдері исламды қалай реттеп отыр
Сурет авторы: Ақорда
Орталық Азия елдерінде мұсылмандар Құрбан айт мерекесін мемлекеттік бақылаудың күшеюі жағдайында атап өтуде. Аймақтағы діни саясаттың өзгеруі мен исламға қатысты мемлекеттік ұстаным туралы DW материалында баяндалған.
2026 жылы Құрбан айт мерекесі 27-29 мамыр аралығында өтеді. Бұл мейрамды әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандармен қатар, халқының басым бөлігі ислам дінін ұстанатын Орталық Азия елдерінің тұрғындары да кеңінен атап өтуде. Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанда мұсылмандардың үлесі шамамен 90 пайыздан жоғары.
Орталық Азия Құрбан айтты қалай атап өтуде?
Мерекелік шаралар дәстүр бойынша таңғы айт намазымен басталды. 27 мамырда Бішкектегі негізгі намаз Турдақын Усубәлиев атындағы алаңда өтті. Оған мыңдаған тұрғынмен бірге Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Бішкек мэрі Айбек Жүнішалиев, парламент спикері Марлен Маматалиев және басқа да шенеуніктер қатысты.
Түрікменстанда мерекелік намаз Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт – Түрікменбашы мешітінде оқылды. Мешіт 10 мың адамға арналған. Президент жарлығына сәйкес, мерекенің үш күні де ресми демалыс болып жарияланды.
Өзбекстанда да 27-29 мамыр аралығы демалыс күндері болып бекітілді. Президент Шавкат Мирзиёевтің айтуынша, 2026 жылы алғаш рет «Президент қажылары» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында 100 өзбекстандық – ғұламалар, ақсақалдар, махалла ардагерлері және олардың отбасы мүшелері қажылыққа бару мүмкіндігіне ие болды. Мирзиёевтің сөзінше, биыл 15 мыңнан астам өзбекстандық қажылық сапарда жүр.
Қазақстанда биыл алғаш рет құрбан шалуды онлайн жасау мүмкіндігі пайда болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы сервисі арқылы қолданушылар құрбандық малын таңдай алады: ешкі немесе қой бір адамның атынан шалынса, ірі қара мен түйе жеті адамның атынан ортақ құрбандық ретінде ұсынылады. Төлем жасалғаннан кейін тапсырыс беруші рәсімнің орындалу барысын бақылап, кейін фото және видеоесеп алады.
Аймақтағы діни еркіндік мәселелері
Билік өкілдерінің діни мерекелерге қолдау көрсетіп отырғанына қарамастан, халықаралық ұйымдар Орталық Азияда діни еркіндікке қатысты проблемалардың сақталып отырғанын айтады.
АҚШ-тың халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясы (USCIRF) 2026 жылдың көктемінде жариялаған есебінде Орталық Азияның барлық елінде елеулі құқық бұзушылықтар тіркелгенін мәлімдеді. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан арнайы бақылау тізіміне енгізілсе, Тәжікстан мен Түрікменстан ерекше алаңдаушылық туғызатын мемлекеттер қатарына жатқызылды.
Есепте Тәжікстан билігінің діни өмірді бақылау үшін дәстүр туралы заңды белсенді пайдаланғаны айтылған. 2025 жылдың алғашқы алты айында осы заңды бұзғаны үшін шамамен 600 адамға айыппұл салынған. 2024 жылғы түзетулерден кейін «ұлттық мәдениетке жат киімдерді әкелуге, сатуға, насихаттауға және киюге» тыйым салынды. Осыдан кейін Душанбедегі сауда орталықтарында «шетелдік киімдерге» қарсы науқандар жүргізіліп, кейбір сатушылар хиджаб пен араб стиліндегі киімдерді сатуды тоқтатты.
Түрікменстанда 2025 жылы билік діни жетекшілерді мемлекеттік саясатты насихаттау құралы ретінде пайдаланған. Мемлекеттен жалақы алатын имамдар ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірге ресми түрде мақұлданбаған ислам бағытын ұстанатын азаматтар туралы мәлімет жинауға тартылған.
Сонымен қатар екі елде де сенушілерді «экстремизм» айыбымен қудалау деректері тіркелген. Түрікменстанда мұндай айыппен кемінде 10 адамның қамауда отырғаны белгілі. Алайда олардың нақты саны бұдан да көп болуы мүмкін, өйткені шамамен 20 адамның тағдыры әлі белгісіз. Ал Тәжікстанда жағдай одан да күрделі. Қамауға алынғандардың бірнешеуі түрмеде көз жұмған.
Билік дінді неге қауіп ретінде қабылдайды?
Қырғызстандық саясаттанушы, Быдгощ қаласындағы Казимир Ұлы университетінің профессоры әрі «Орталық Азиядағы ислам және саясат: тәуелсіздіктің 30 жылы» зерттеуінің авторы Нарцисс Шукуралиеваның пікірінше, аймақ басшыларының дінге жақындығын көрсетуі көбіне символикалық сипатқа ие.
Оның айтуынша, билік өкілдерінің қажылыққа баруы немесе діни рәсімдерге қатысуы шынайы діни саясатты білдірмейді, тек өзін діндар қоғамға жақын етіп көрсету амалы ретінде қолданылады. Саясаттанушы Орталық Азияда діни және азаматтық еркіндік кеңістігі алдағы уақытта да тарылып, бақылау күшейе береді деп есептейді. Себебі билік дінді ықтимал қауіп ретінде қабылдайды.
Шукуралиеваның сөзінше, діни қауымдар қоғамдағы әлеуметтік және отбасылық қақтығыстарды азайтуға ықпал етіп, тұрақтандырушы рөл атқара алар еді. Алайда мемлекет оларды тәуелсіз қоғамдық белсенділік пен ықтимал мобилизация көзі ретінде көріп, қызметін шектеуге тырысады. Бұған қоса, ислам көбіне қауіпсіздік мәселесі тұрғысынан қарастырылып келеді.
Плюрализмнен қатаң бақылауға дейін
Шукуралиеваның бағалауынша, діни алуандылыққа қатысты ең қолайлы жағдай Қырғызстанда қалыптасқан. Тәуелсіздік жылдары елде жаппай наразылықтар нәтижесінде билік үш рет ауысып, бұрынғы президенттердің бірі сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сотталған. Саяси плюрализм діни салаға да әсер еткен.
Аймақтағы ең жабық әрі репрессивті мемлекет ретінде Түрікменстан аталады. Елде сөз бостандығы, жиналу еркіндігі және мемлекет бақылауынан тыс діни қызмет іс жүзінде жоқ.
Ал Өзбекстанда Шавкат Мирзиёев билікке келгеннен кейін ислам мен діни салаға қатысты саясат біршама жұмсарған болатын.
Ауғанстандағы жағдайдың Өзбекстанға әсері
Лондонда орналасқан Central Asia Due Diligence ұйымының директоры әрі саясаттанушы Әлішер Ильхамов Мирзиёев билікке келген соң Ислам Каримов кезеңінде мұсылмандарға қойылған көптеген шектеулер жеңілдетілгенін айтады. Сарапшының пікірінше, билік халық қолдауына ие болу үшін саяси легитимділікті күшейтуге тырысқан.
АҚШ-тың халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясының 2021 жылғы есебіне сәйкес, сол кезеңде діни себептермен сотталған 65-тен астам белгілі саяси тұтқын босатылған.
Алайда 2021 жылы Ауғанстанда тәлібтердің билікке келуі жағдайды өзгертті. Әйелдер құқықтарының, әсіресе білім алу мүмкіндігінің күрт шектелуі Өзбекстанның ішкі саясатына да әсер еткен.
Осыдан кейін Мирзиёев билігі бұрынғы жұмсақ саясаттан біртіндеп бас тартып, діни саладағы бақылауды күшейте бастады. 2023 жылдың қарашасынан бастап елде қоғамдық орындарда бетті толық жабатын киімдерге, соның ішінде ниқабқа тыйым салынды. Заңды бұзғандарға 250-380 доллар көлемінде айыппұл қарастырылған. Сонымен қатар адамның жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін сақал тағуға да шектеу қойылған.
Ильхамовтың айтуынша, Ауғанстандағы оқиғалар мемлекет үшін де, қоғамның бір бөлігі үшін де «үрей тудыратын факторға» айналды. Қазіргі таңда билік пен мұсылмандар арасында белгілі бір ымыра қалыптасқан: мемлекет исламның дәстүрлі ханафи бағыты аясынан шықпауын бақыласа, мұсылмандар өз діни ұстанымдарын ашық ұстануға көбірек мүмкіндік алған.
Соған қарамастан, сарапшылар Орталық Азияда діни саланы реттеу одан әрі күшейеді деп болжайды. Өйткені аймақ билігі дінді әлі де ықтимал қауіп құралы ретінде қарастырады.
Нарцисс Шукуралиева мемлекеттерге дін мәселесінде жүйелі әрі ұзақмерзімді саясат жетіспейтінін айтады. Оның пікірінше, діни салада кездейсоқ шешімдер емес, нақты әрі дәйекті стратегия қажет.
Сондай-ақ саясаттанушы кейбір діни құрылымдардың шетелдік қаржыландыруға тәуелді екенін атап өтті. Сондықтан исламдық демеушілерден келетін қаржы ағындарын бақылау маңызды. Ал араб немесе пәкістандық ықпалдың алдын алу үшін халықпен идеялар мен құндылықтар деңгейінде жұмыс жүргізу қажет деп есептейді.
Жарылқасын Шұғыла
Соңғы жаңалықтар
-
Израиль Газа секторы аумағының 70%-ына дейін бақылау орнатуы мүмкін
2 сағат бұрын
-
Қазақстандағы ең ірі мұнай кенішінде өндіріс көлемі күрт төмендеді
2 сағат бұрын
-
Дін мен билік: Орталық Азия елдері исламды қалай реттеп отыр
3 сағат бұрын
-
Ресейдің үш өңірінде қазақ мектептері ашылады
3 сағат бұрын
-
Түркістан: Арыста француздық Alstom компаниясының жаңа сервистік депосы салынып жатыр
3 сағат бұрын
-
Михаил Шайдоров жалақы мәселесін неге жария түрде көтергенін түсіндірді
3 сағат бұрын
-
Доллар неге күрт қымбаттады?
4 сағат бұрын
-
ШҚО әкімі Зайсандағы халықаралық әуежай құрылысының сапасына қатысты қатаң талап қойды
5 сағат бұрын
-
Демалыс күндері Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі
7 сағат бұрын
-
АҚШ пен Иран атысты тоқтату жайлы келісімге келді, бірақ Трамп әлі қол қойған жоқ
8 сағат бұрын
-
Полиция: арнайы жасақ қызметкерінің өлімі қызметтік міндетімен байланысты емес
8 сағат бұрын
-
Михаил Шайдоров неге жаңа келісімшартқа қол қоймай жатыр: Дирекция басшылығы себебін айтты
9 сағат бұрын
-
Еуроодақ қауіпті тауарларды сатқаны үшін Temu-ға 200 млн еуро айыппұл салды
9 сағат бұрын
-
Шетел азаматтары адам ұрлағаны үшін сотталды
9 сағат бұрын
-
Бала асырап алудың жаңа ережелері белгілі болды
10 сағат бұрын
-
Сирек кездесетін Эбола вирусын жоятын 3 дәрі сынақтан өтпек
10 сағат бұрын
-
Сенатор Бибігүл Жексенбай Жапонияда өткен Азия елдері қазақтарының Кіші құрылтайына қатысты
10 сағат бұрын
-
Жамбыл облысында арнайы жасақ инспекторы көз жұмды
10 сағат бұрын
-
ШҚО-да Конституциялық Сот шешімдері аясында азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды
1 күн бұрын
-
Қазақстандағы АЭС құрылысының құны $16,4 млрд болады
1 күн бұрын
-
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: марқұмның туыстары 100 млн теңге талап етуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?
1 күн бұрын
-
Қазақстан мен Ресей АЭС құрылысы бойынша келісімге қол қойды
1 күн бұрын
-
Атырау облысындағы бір отбасының қазасы: айыпталушы үш кісіні қасақана өлтіргенін мойындады
1 күн бұрын
-
Қазақстан мен Ресей АЭС салу жөніндегі келісімге қол қоймақ
1 күн бұрын
-
FT: Трамптың Газаны қалпына келтіруге арналған «Бейбітшілік кеңесі» қорына бірде-бір жарна түспеген
1 күн бұрын
-
Ресей мен “Талибан” әскери ынтымақтастық туралы келісім жасасты
1 күн бұрын
-
Елімізде бет-аузын тұмшалағаны үшін қанша адам жауапкершілікке тартылды?
1 күн бұрын
-
Ербаян Мұхтардың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне түсті
1 күн бұрын
-
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа неге жалақы төленбей жатыр: Спорт шенеуніктері жауап берді
1 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстанның Иранның ядролық мәселесін шешуге дайын екенін растады
3 күн бұрын
-
Абай облысында су электр станцияларының құрылысы бойынша инвестициялық жоба қолға алынбақ
3 күн бұрын
-
Зейнетақы жинағын алудың жаңа шегі белгіленеді: не өзгереді?
3 күн бұрын
-
Павлодарлық түлек ҰБТ-да 140 балл жинады
3 күн бұрын
-
Танымал Wedrink сусындары қауіпті ме: Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелді
3 күн бұрын
-
Білім гранттарының саны жарияланды: Үкімет биыл қай мамандықтарға басымдық берді?
3 күн бұрын
-
Алматыда жалған құжатпен тендер ұтқандар анықталды
3 күн бұрын
-
Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді
3 күн бұрын
-
Артық тамақтанып қоюдан қалай сақтанамыз?
4 күн бұрын
-
АДАМ ӨМІРІН АРАШАЛАҒАН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ
4 күн бұрын
-
19 адамға 1 миллиард теңге: ҚТЖ топ-менеджерлердің бонустарына қатысты түсініктеме берді
4 күн бұрын
-
Венгрияның жаңа премьері өзінің және шенеуніктердің жалақысын екі есе қысқартпақ
4 күн бұрын
-
Ақтөбеде пакеттен жаңа туған сәби табылды
4 күн бұрын
-
«Соңғы қоңырау» алдындағы шұғыл мәлімдеме: Астана полицейлері ата-аналарға ескерту жасады
4 күн бұрын
-
Әйелдер арасындағы инфаркттың жасырын белгілері қандай?
4 күн бұрын
-
Ресейде Қазақстан тумасы балаға оқ атқан
4 күн бұрын
-
БҚО-да белгісіз дрондардың ұшқаны туралы ақпарат тарады
4 күн бұрын
-
ШҚО әкімі әкімдер рейтингінде ТОП-5-ке енді
4 күн бұрын
-
Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
4 күн бұрын