АДАМ ӨМІРІН АРАШАЛАҒАН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ
Сапарғали Қанат
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жасанды интеллект жылының басты мақсаты – технологияны адам игілігіне жарату болса, бұл бастама елорда көшелерінде нақты нәтижесін беріп жатыр. Қазіргі таңда кәсіпорынның 393 арнайы техникасына жүргізушінің жағдайын бақылайтын интеллектуалды жүйе орнатылған. Бұл – жай ғана бейнекамера емес. Бұл – адам жанарын бақылап, оның шаршауын, қалғып кетуін, телефонға алаңдауын, тіпті денсаулығының күрт нашарлауын анықтай алатын «цифрлық күзетші».
Кабина ішіндегі камералар жүргізушінің әр қимылын real-time режимінде бақылап отырады. Қауіпті жағдай байқалған сәтте жүйе бірден дыбыстық белгі беріп, вибрация арқылы ескертеді. Ал сол мезеттегі бір секундтық бейнежазба автоматты түрде диспетчерлік орталыққа жіберіледі. Осылайша операторлар жүргізушімен дереу байланысқа шығып, апаттың алдын алады.

Техниканы пайдалану департаментінің директоры Тимур Ахметов бұл жүйенің тиімділігі туралы былай дейді:
Жасанды интеллект көзі ілініп кеткен адамды бірден оятады. Ескерту дыбысы шығады және вибрация болады. Нақты осы жүйенің арқасында біз жеті жол апатының алдын алық, яғни, жетіадамның өмірін аман алып қалдық десек болады. Өйткені жүргізушілер көбіне таңға жуық уақытта қатты шаршайды.

Оның айтуынша, мекемедегі цифрландыру жұмысы электронды жол парағынан басталған. Бұрын жүргізушілер дәрігер мен механиктің тексеруінен өтіп, мөр жинап шығу үшін ұзақ уақыт жоғалтатын. Ал қазір барлық процесс бірнеше минут ішінде автоматты түрде орындалады.
Бұл – жүз пайыз отандық өнім. Бұрын жарты сағат кететін жұмыс қазір үш минутта атқарылады. Жасанды интеллект қай техника қай уақытта шығатынын, қай жүргізуші қандай аумақты тазалайтынын өзі жоспарлайды. Барлығы телефондағы арнайы қосымша арқылы басқарылады. Телефон болмаса, face ID арқылы жүйеге кіруге болады», – дейді Тимур Ахметов.

Бүгінде жүйе тек жүргізушінің қауіпсіздігін ғана емес, техниканың жағдайын да толық бақылауға мүмкіндік береді. Жанармай шығыны, көліктің қозғалысы, жұмыс бағыты – барлығы цифрлық бақылауда. Ал алдағы уақытта мекеме «борт журналы» жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жаңашылдық көліктің техникалық жағдайын алдын ала болжап, қай бөлшектің тозып тұрғанын, майды қашан ауыстыру қажет екенін, қандай қосалқы бөлшек орнатылғанын түгел көрсететін болады.
Біз көліктің толық тарихын көріп отырамыз. Қай уақытта жөндеу керек, қандай бөлшек ауыстырылды – бәрі жүйеде сақталады. Бұл жұмыс сапасын түбегейлі өзгертеді, – дейді Тимур Ахметов.
Жасанды интеллект енгізілген бұл жүйеге шетелдік мамандар да қызығушылық танытып отыр. Жуырда Қырғызстаннан келген әріптестер «Астана Тазалықтың» жұмысымен танысып, осы тәжірибені өз елдеріне енгізуге ниет білдірген.

Бішкек қалалық «Тазалық» муниципалды кәсіпорны директорының орынбасары Бааркан Иманакунова Астананың тәжірибесіне жоғары баға берді:
Біздің мақсатымыз — Астананың цифрлық жүйедегі жаңашылдықтарын үйреніп, өзімізде іске асыру. Жүргізушілерді жол оқиғаларынан сақтау, онлайн бақылау және реагенттерді қолдану жүйесі бізді қатты қызықтырды. Астана бұл бағытта өте бай тәжірибе жинақтаған, — деді ол.
Елорда көшелерінде түн қатып еңбек ететін коммуналдық техникалардың ішінде үнсіз ғана жұмыс істеп тұрған кішкентай құрылғы бүгінде үлкен міндет атқарып келеді. Ол – адам өмірін қорғап тұрған технология. Бұл жоба цифрлық Қазақстанның болашағы тек инновациямен емес, ең алдымен адам қауіпсіздігімен өлшенетінін дәлелдейді.
Соңғы жаңалықтар
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
17 минут бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
56 минут бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
3 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
3 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
4 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
5 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
5 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
5 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
6 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
6 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
6 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
6 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
1 апта бұрын