$ 485.95 € 565.74 ₽ 6.83

Доллар неге күрт қымбаттады?

Абдрахманов Мағжан
29 мамыр 2026, 15:44
Доллар неге күрт қымбаттады? Сурет авторы: depositphotos

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы бір күнде 7,4 теңгеге өсіп, 485 теңгеге жетті. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы бұл өзгерісті негізінен ішкі экономикалық факторлармен байланыстырып отыр.

Қауымдастықтың мәліметінше, шетел валютасына сұраныстың артуына бірнеше себеп әсер еткен. Атап айтқанда, қазақстандық компаниялардың импорттық келісімшарттар бойынша төлем жасауы, кәсіпорындардың сыртқы қарыздарын өтеуі және оған қызмет көрсетуі доллар сұранысын күшейткен.

Сондай-ақ былтырғы жылдың қорытындысы бойынша шетелдік инвесторларға төленген дивидендтердің теңгеден шетел валютасына айырбасталуы да бағамға ықпал еткен. Бұдан бөлек, жазғы демалыс маусымының басталуы аясында халық тарапынан шетел валютасын сатып алу көлемі артқан.

Сарапшылардың пікірінше, аталған факторлар валюта нарығындағы сұранысты көбейтіп, доллар бағамының қысқа мерзімде өсуіне әсер еткен.

Соңғы жаңалықтар