FT: Трамптың Газаны қалпына келтіруге арналған «Бейбітшілік кеңесі» қорына бірде-бір жарна түспеген
Сурет авторы: Ақорда
Газаны соғыстан кейін қалпына келтіру үшін АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған «Бейбітшілік кеңесінің» қоры бірнеше ай ішінде донорлардан бірде-бір ресми жарна қабылдамаған. Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлады.
FT деректеріне сәйкес, бөлінген қаражат Дүниежүзілік банк жанындағы арнайы қорға емес, ұйымның JPMorgan Chase банкіндегі жеке шотына тікелей аударылған. Сонымен қатар бұл қаржы тетігінде тәуелсіз бақылау және ашықтық жүйесі қарастырылмаған.
«Бейбітшілік кеңесінің» өкілдері FT басылымына қатысушы елдерге қаржыландырудың бірнеше жолы ұсынылғанын, ал кейбір мемлекет балама механизмдерді таңдағанын айтқан. Сондай-ақ ұйым қаржылық есепті кейінірек атқарушы кеңеске ұсынатынын мәлімдеді. Financial Times мәліметінше, Марокко бөлген 20 млн долларға жуық қаржы Газадағы жоғарғы өкіл Николай Младеновтың кеңсесінің жұмысына және Палестина технократиялық комитеті қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуге бағытталған. Ал БАӘ-нің Газадағы полиция қызметкерлерін даярлауға бөлмек болған 100 млн доллары әзірге бұғаттаулы тұр.
Сонымен қатар АҚШ Мемлекеттік департаменті «Бейбітшілік кеңесіне» байланысты жобаларға шамамен 1,2 млрд доллар көлеміндегі қаражатты қайта бөлуді көздеп отыр. Алайда бұл қаржы әлі іске қосылмаған. Бұдан бөлек, Вашингтон ұйымның операциялық шығындары үшін тағы 50 млн доллар бөлуді жоспарлағанымен, қаражат әзірге аударылған жоқ. FT басылымына пікір білдірген АҚШ Конгресіндегі дереккөздің айтуынша, ұйым әзірге бұл қаражатты басқармайды. Оның сөзінше, қаржылық бақылау жүйесі толық қалыптаспайынша, қаржы пайдалануға берілмейді.
Басылым мәліметінше, «Бейбітшілік кеңесі» саяси және құқықтық сипаттағы бірқатар қиындықтарға кезіккен. Трамптың бейбітшілік жоспары ХАМАС-ты қарусыздандыруды, Израиль әскерін Газадан шығаруын және анклавты қайта қалпына келтіруді көздегенімен, дереккөздер бұл бағыттардың ешқайсысында нақты ілгерілеу байқалмайтынын айтады. Сондай-ақ Газаны қалпына келтіруге арналған америкалық қаржыдан әлі күнге дейін бір доллар да жұмсалмаған.
«Бейбітшілік кеңесі» 2026 жылғы қаңтарда құрылған еді. Ұйымның жарғысына Дональд Трамп Дүниежүзілік экономикалық форум барысында Таяу Шығыс және Оңтүстік Америка мемлекеттері басшыларының қатысуымен қол қойған. Кеңестің алғашқы басқосуы 19 ақпанда Вашингтонда өтті. Ұйым қатарына Қазақстан мен Өзбекстан еніп, жарғыны мақұлдады. Алғашында жобаға 50-ге жуық ел шақырылғанымен, соңында құжатты тек 19 мемлекет бекітті.
Саммит кезінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Газа секторында тұрғын үйлер, мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелер салу жобаларына қатысуға дайын екенін білдірді. Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұйым аясында Дональд Трамптың атымен арнайы марапат енгізу бастамасын ұсынды. Бұған дейін Трамп «Бейбітшілік кеңесіне» мүше елдер Газаны гуманитарлық қолдау және қалпына келтіру жұмыстарына 7 млрд доллардан астам қаржы бөлуге келіскенін, ал АҚШ қосымша 10 млрд доллар қарастыруға дайын екенін айтқан еді.
Жобаға шақырылған мемлекеттердің арасында Ресей, Беларусь және Украина да бар. Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін АҚШ-та бұғатталған ресейлік активтер есебінен қорға 1 млрд доллар аударуға дайын екенін мәлімдеген. Кейін Кремль өкілі Дмитрий Песков Ресейдің бұл ұйымға қосылуы жөнінде әлі нақты шешім қабылданбағанын хабарлаған болатын.
Жарылқасын Шұғыла
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
5 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын