ШҚО-да Конституциялық Сот шешімдері аясында азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды
Шығыс Қазақстан облысында «Қазақстанның жаңа Конституциясы: институционалдық өзгерістер және құқықтық мемлекетті дамыту» тақырыбында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының өкілдері, Парламент депутаттары, ғалымдар, заңгерлер және азаматтық сектор мүшелері қатысты.

Алқалы жиынды ашқан ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Конституцияның мемлекет өміріндегі рөліне тоқталып, оның тек құқықтық құжат қана емес, қоғамдық тұрақтылық пен азаматтық келісімнің берік негізі екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде ашықтық, әділдік және заң үстемдігі қағидаттарына негізделген ауқымды жаңғыру бағыты жүзеге асырылып келеді. Бүгінде алдымызда заңның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етумен қатар, қоғамда жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жауапкершілік пен азаматтық сананы нығайту міндеті тұр. Жас ұрпақ Конституцияны тек құқықтық құжат ретінде ғана емес, өз құқықтарын, мүмкіндіктері мен болашағын қорғайтын нақты тетік ретінде қабылдауы қажет», – деді ШҚО әкімі.
Конференция барысында ҚР Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов сөз сөйлеп, жаңа Конституция аясында орын алып жатқан оң өзгерістер мен азаматтардың құқықтарын қорғаудың нақты мысалдарына тоқталды. Атап айтқанда, ол Конституциялық Соттың ағымдағы жылдың 18 мамырында қабылдаған маңызды шешімін таныстырды.

Аталған іс ШҚО облыстық соты төрағасының ұсынымы негізінде қаралып, Әлеуметтік кодекстің жекелеген нормаларының Конституцияға сәйкестігі зерделенген. Мәселенің туындауына ШҚО-ның Ұлан ауданында тұрған, кейін шетелге қоныс аударған азаматшаның жағдайы себеп болған. Жиырмы жылдан астам еңбек өтілі бар азаматша зейнет жасына жеткен соң Өскемен қаласына келіп, зейнетақысын рәсімдеуге өтініш берген. Алайда, Әлеуметтік кодекстегі талаптарға сәйкес, оған Қазақстан аумағында тұрақты тұрмайтындығы негізінде бас тартылған болатын.
Конституциялық Сот бұл мәселеге құқықтық тұрғыдан баға бере отырып, мынадай қорытынды жасады:
Жасына байланысты әлеуметтік қамсыздандыру құқығына Конституциямен кепілдік беріледі.
Зейнетақы — азаматтың көп жылғы еңбек қызметінің нәтижесінде қалыптасқан құқығы, ал оны растайтын негізгі көрсеткіш — еңбек өтілі.
Азаматтың тұрақты тұрғылықты жері оның заңды түрде зейнетақы алу құқығын шектеуге немесе кедергі болуға тиіс емес.
«Бұл — Конституциялық Соттың, сот жүйесінің және азаматтық қоғамның өзара тиімді іс-қимылы нәтижесінде Конституция нормаларының іс жүзінде жүзеге асып, азаматтардың құқықтары нақты қорғалатынын көрсететін айқын мысал», — деп атап өтті Бақыт Нұрмұханов.
Шара аясында заң шығару және құқық саласындағы ғылыми еңбектері, заңнаманы жетілдіруге қосқан үлесі үшін Парламент Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапаққа Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Құрметті профессоры» атағы салтанатты түрде табыс етілді.

Сонымен қатар жиын барысында жастардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Әділетті Қазақстанның жаңа Конституциясы» атты студенттер арасындағы байқаудың қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын