$ 470.8 € 545.99 ₽ 6.6

Ресейде Қазақстан тумасы балаға оқ атқан

Абдрахманов Мағжан
25 мамыр 2026, 12:29
Ресейде Қазақстан тумасы балаға оқ атқан Сурет авторы: Baza

Санкт-Петербург қаласында 11 жастағы балаға оқ атқан күдікті ұсталды. Ол – Қазақстанда туған Айтжан Смағұлов екені белгілі болды.

Ресейлік БАҚ мәліметінше, оқиға тұрғын үй ауласында болған. Бала саксофон ойнап тұрған кезде көршілердің бірі ашуланып, терезеден пневматикалық қарумен оқ атқан.

Алдын ала деректер бойынша, 38 жастағы ер адам оқты баланың бетіне бағыттаған. Оқ баланың бетіне тиіп, иек тұсына тұрып қалған.

Зардап шеккен оқушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктіге баланың музыкалық орындауы ұнамаған. Оқиғадан кейін ол ұсталып, қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айтжан Смағұлов 2021 жылдан бері Мария театры құрамында жұмыс істеген. Ол Ресей азаматтығын 2008 жылы алғаны айтылды.

Соңғы жаңалықтар