$ 485.95 € 565.74 ₽ 6.83

Ресейдің үш өңірінде қазақ мектептері ашылады

Абдрахманов Мағжан
29 мамыр 2026, 16:50
Ресейдің үш өңірінде қазақ мектептері ашылады Сурет авторы: istock

Қазақстан Ресейдің үш өңірінде жаңа мектептер салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Оның айтуынша, білім беру нысандары Орынбор облысы, Омбы облысы және Астрахань қаласында бой көтереді. Қазір Орынбор облысындағы мектеп құрылысына қажетті жер телімдері келісілген. Ал Астрахань мен Омбы облысында бұл мәселе әлі пысықталып жатыр.

Жаңа мектептерде білім беру екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Алайда оқу бағдарламалары мен оқыту әдістемелері әзірге толық келісілмеген.

Қазақстан мен Ресейдің бірлескен мектептер ашу бастамасы алғаш рет 2025 жылғы қарашада талқыланған болатын. Сол кезде Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен Ресейдің ағарту министрі Сергей Кравцов жобаны жүзеге асыру мәселесін қарастырған.

Қазақстан елшілігінің мәліметінше, бастаманы іске асыру үшін екіжақты жұмыс тобы құрылған.

Соңғы жаңалықтар