$ 472.48 € 550.06 ₽ 6.59

Павлодарлық түлек ҰБТ-да 140 балл жинады

Абдрахманов Мағжан
26 мамыр 2026, 15:14
Павлодарлық түлек ҰБТ-да 140 балл жинады Сурет авторы: ҰТО

Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир негізгі ҰБТ-да ең жоғары 140 балл жинады.

Тестілеу 26 мамыр күні Павлодар қаласындағы аймақтық тестілеу орталығында өтті. Талапкер «Математика-География» пәндер комбинациясын таңдап, барлық бес пән бойынша максималды нәтиже көрсетті.

Әсет Альтаир – Павлодар қаласындағы №7 жалпы орта білім беру мектебінің түлегі. Оның айтуынша, ҰБТ-ға дайындықты 11-сыныптың басынан бастап жүйелі түрде жүргізген.

«Болашақ мамандығымды алдын ала таңдадым. Maqsut Narikbayev University-не “Менеджмент” мамандығына түскім келеді», – деді ол.

Ресми мәліметке сәйкес, негізгі ҰБТ-ның алғашқы екі аптасында шамамен 92 мың рет тест тапсырылған. Талапкерлердің 65%-ы шекті балды жинаған.

Орташа балл 63-ті құрады. Жалпы, негізгі ҰБТ-ға қатысу үшін 240 мыңға жуық талапкер екі мүмкіндік бойынша 446 мыңнан астам өтініш берген.

Соңғы жаңалықтар