$ 485.95 € 565.74 ₽ 6.83

Жамбыл облысында арнайы жасақ инспекторы көз жұмды

Абдрахманов Мағжан
29 мамыр 2026, 09:58
Жамбыл облысында арнайы жасақ инспекторы көз жұмды Сурет авторы: rosgvard.ru

Жамбыл облысының Қордай ауданында арнайы мақсаттағы жедел қимыл жасағының инспекторы көз жұмды. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, 1995 жылы туған қызметкер арнайы жасақ казармасының дәлізінде табельдік қарудан жарақат алған. Ол ауыр жағдайда аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

Дәрігерлердің көмегіне қарамастан, полиция қызметкері сол күні кешке қайтыс болған.

Жамбыл облыстық полиция департаменті Курсив басылымына оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы – “Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар