$ 472.48 € 550.06 ₽ 6.59

Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелді

Абдрахманов Мағжан
26 мамыр 2026, 12:42
Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелді Сурет авторы: ашық дереккөзден

Павлодар облысының Баянауыл ауылында тұрғындар күші екі балл болатын жер сілкінісін сезді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ).

Сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпулерін бүгін, 26 мамырда сағат 11:28-де тіркеген.

Эпицентрі Павлодар облысының аумағында орналасқан табиғи құбылыс 30 шақырым тереңдікте болған. Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісінің магнитудасы туралы нақты мәлімет таратқан жоқ.

Оқиғаға байланысты Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің базасында жедел штаб құрылды. Ресми ақпаратқа сәйкес, өңірде қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. 

ТЖМ аймақ тұрғындары үшін жедел ақпарат алу мақсатында 8 (7182) 20-11-12 нөмірі бойынша «жедел желі» іске қосылғанын хабарлайды.

Соңғы жаңалықтар