$ 472.48 € 550.06 ₽ 6.59

Зейнетақы жинағын алудың жаңа шегі белгіленеді: не өзгереді?

Абдрахманов Мағжан
26 мамыр 2026, 16:11
Зейнетақы жинағын алудың жаңа шегі белгіленеді: не өзгереді? Сурет авторы: ашық дереккөзден

Қазақстанда зейнетақы жинағын алу үшін жеткіліктілік шектері шілде айының басында жарияланады.

Жаңа есептеу әдістемесіне сәйкес, шектер азаматтардың зейнетақы активтерінің табыстылығы мен болашақ төлемдеріне қарай анықталады. Есептеулерде жылдық табыстылық 9%, ал жұмыс берушінің міндетті жарналары 8% деңгейінде ескерілген.

Жеткіліктілік шегін есептеу формуласы ең төменгі ай сайынғы төлемге, төлем ұзақтығына және болашақтағы құнына негізделген.

Базалық көрсеткіш ретінде ең төменгі зейнетақының 75%-ы және ең төменгі жалақының 60%-ы алынады. Бұл көрсеткіштер азаматтың жасына қарай жыл сайын өсіп отырады.

Мысалы, 20 жастағы адам үшін бастапқы деңгей белгіленсе, кейін әр жыл сайын оған қосымша:
– ең төменгі зейнетақының 2,5%-ы;
– ең төменгі жалақының 2%-ы қосылады.

Алайда бұл көрсеткіштің ең жоғарғы шегі 200%-дан аспайды.

Сонымен қатар есептеуде өмір сүру ұзақтығы, төлемдердің индексациясы және зейнетақы активтерінің болашақ табыстылығы да ескеріледі.

Олжас Бектенов жаңа әдістемені бекітетін құжатқа қол қойған. Ол 4 маусымнан бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар