Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді
25 мамыр, Астана, Мәжіліс үйі. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті. Мәжіліс спикері Шаньси өлкесіндегі көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты қытайлық әріптесіне және барша Қытай халқына көңіл айтты, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Чжао Лэцзи Астанаға Мәжіліс спикерінің шақыруымен келді. Мәртебелі мейманды қарсы алған Ерлан Қошанов бұл сапардың тарихи маңыздылығын атап өтіп, Қытай Қазақстанның тату көршісі әрі сенімді серіктесіекеніне тоқталды.
– Бүгінде Қытай Халық Республикасы қарқынды дамып келеді. Ол – әлемдегі экономикасы ең ірі және озық елдің бірі,халықаралық саясаттың негізгі қатысушысы. Біз үшін Қытаймен мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамыту өте маңызды. Екіжақты қатынасымыз жаңа «алтын 30 жылдыққа» қадам басты. Бұл – Қазақстан мен Қытай көшбасшыларының жеке үлесінің, олардың берік достығының, тұрақты кездесулерінің нәтижесі. Өткен жылы біздің мемлекеттеріміздің басшылары екі рет кездесті. Осы диалогтардың әрқайсысы қазақ-қытай қарым-қатынасының дамуына қуатты серпін берді, – деді Мәжіліс спикері.

Ерлан Қошанов Қазақстан мен Қытай парламенттері екі ел көшбасшылары айқындап берген бағдар бойынша сенімді серіктестіктіодан әрі дамыту үшін бар күш-жігерін салып жатқанын атап өтті. Ауқымды ынтымақтастық пен заң шығару саласында тәжірибе алмасу барлық деңгейде жолға қойылып, Қазақстан-Қытай достық топтары белсенді жұмыс атқаруда.
Мәжіліс төрағасы қытайлық әріптесінеелімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Әділетті және Прогрессивті Қазақстан құру жолында кезең-кезеңімен іске асып жатқан ауқымды реформалар туралыайтып берді. Республикалық референдумда азаматтардың басым көпшілігі қолдаған жаңа халық Конституциясының қабылдануынаерекше назар аударылды. «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты оның өзегіне айналды. Сонымен қатар жаңа Ата заң бір палаталы Парламентке –Құрылтайға көшуді, сондай-ақ Вице-Президент пен Халық Кеңесі сияқты жаңа институттардың құрылуын бекітті.
Екіжақты ықпалдастық туралы айта келе,Мәжіліс спикері елдер арасындағы партияаралық ынтымақтастық қарқындыдамып жатқанын атап өтті. Бұл да стратегиялық әріптестікті нығайтуға септігін тигізеді. Әңгіме барысында ол Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының депутаттарын Қытай Коммунистік партиясына 105 жылтолуымен құттықтады.
Ерлан Қошанов заң шығару жұмысына тоқталып, 2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғанына мән берді. Мемлекет басшысының алдағы үш жылда еліміздіцифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегістратегиялық мақсатын іске асыру үшінПарламент депутаттары жасанды интеллект туралы заң мен Цифрлық кодексті әзірлеп, қабылдады. Бұл ретте Қазақстан депутаттарыәлемдегі ең ірі цифрлық державаның бірі саналатын Қытаймен осы бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға қызушылық танытып отыр.
Өз кезегінде, Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзиқазақстандықтарды референдумның жемістіөтуімен және жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Әділетті Қазақстан құру мақсатына қол жеткізілетініне сенім білдірді. Сондай-ақ ол қазақстандық әріптестеріне алдағы бір палаталы Құрылтай сайлауында табыс тіледі.
Чжао Лэцзи Қытай тарапы дәстүрлі достық пен жоғары деңгейдегі өзара сенімді Қытай мен Қазақстан халықтарының игілігі жолындағы ынтымақтастықтың нақты нәтижелеріне айналдыруға бағытталған екі ел басшыларының маңызды келісімдерін іскеасыру үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін айтты.
Тараптар сондай-ақ инвестиция, энергетика, сауда, логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты заңнамалық тұрғыда қолдауға қатысты көптеген мәселені талқылады.
Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитеті төрағасының ресми сапары аясында Сенат спикерімен кездесу, Астанадағы бірқатар іскерлік және мәдени нысандарға бару жоспарланған.
Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Фото Ж.Жұмабеков
Соңғы жаңалықтар
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
2 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
5 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
5 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
6 сағат бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
6 сағат бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
7 сағат бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
7 сағат бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
7 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
8 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
9 сағат бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
10 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
10 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
12 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
12 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
12 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
12 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
2 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
3 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
3 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
3 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
3 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
4 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
5 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
5 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
6 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
6 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
6 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
6 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын
