$ 472.48 € 550.06 ₽ 6.59

Білім гранттарының саны жарияланды: Үкімет биыл қай мамандықтарға басымдық берді?

Абдрахманов Мағжан
26 мамыр 2026, 12:01
Білім гранттарының саны жарияланды: Үкімет биыл қай мамандықтарға басымдық берді? Сурет авторы: ашық дереккөзден

Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына 89 457 мемлекеттік білім гранты бөлінеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, гранттардың 75 371-і бакалавриатқа, 11 007-сі магистратураға, ал 3 079-ы докторантураға қарастырылған.

Билік гранттарды бөлу кезінде 2030 жылға дейінгі еңбек нарығының болжамын негізге алған. Ресми дерекке сәйкес, алдағы жылдары елге 883 мыңнан астам маман қажет болады.

Соның ішінде шамамен 530 мың инженерлік-техникалық сала мамандарына сұраныс жоғары. Сонымен қатар 185 мың педагог пен 168 мыңға жуық басқа бағыттағы кадрлар қажет.

Гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық және аграрлық мамандықтарға, ал 21%-ы педагогика саласына бөлінген. Министрлік бұл қадам еңбек нарығындағы сұранысты қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар