$ 470.8 € 545.99 ₽ 6.6

Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Абдрахманов Мағжан
25 мамыр 2026, 11:24
Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді Сурет авторы: Sputnik / Владислав Воднев

27–29 мамыр күндері Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл сапар Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен өтеді.

Келіссөздер барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін және оны дамыту перспективаларын талқылайды.

28 мамыр күні Астанада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

Ал 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.

Аталған іс-шаралар аясында өңірлік экономикалық ынтымақтастық мәселелері қаралады.

Соңғы жаңалықтар