Израиль Газа секторы аумағының 70%-ына дейін бақылау орнатуы мүмкін
Сурет авторы: Joe Raedle / Getty Images
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израиль қорғаныс армиясына (ЦАХАЛ) Газа секторы аумағының 70%-ына дейін бақылауды кеңейтуді тапсырғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде BBC-дің орыс қызметі хабарлады.
Бейсенбі күні конференцияда сөз сөйлеген Биньямин Нетаньяху Израильдің ХАМАС-қа қарсы қысымды арттырып жатқанын айтты. Оның мәліметінше, қазіргі таңда ЦАХАЛ Газа секторы аумағының шамамен 60%-ын бақылауда ұстап отыр. Бұған дейін бұл көрсеткіш 50% болған. Сол сәтте залдан бір қатысушы «100 пайыз!» деп дауыстаған. Бұған жауап берген Нетаньяху Израильдің мақсатына біртіндеп жететінін жеткізді.
«Әзірге 70 пайыздан бастаймыз. Біз оларды жан-жақтан қысып жатырмыз, кейін қалғанын да шешеміз», – деді Израиль премьер-министрі.
Егер Израиль бақылау аумағын шынымен осындай деңгейге дейін кеңейтсе, бұл 2025 жылдың қазан айында Дональд Трамп әкімшілігінің арағайындығымен Израиль мен ХАМАС арасында жасалған атысты тоқтату туралы келісім шарттарына қарама қайшы келеді. Нетаньяхудың бұл мәлімдемесі Газа секторына жасалып жатқан Израиль әуе соққылары жалғасып жатқан тұста айтылды. Сонымен қатар АҚШ-тың арағайындығымен өтіп жатқан Израиль мен ХАМАС арасындағы жанама келіссөздер де тығырыққа тірелген. Тараптар Дональд Трамп ұсынған бейбітшілік жоспарын жүзеге асыру мәселесін талқылап жатыр.
ХАМАС бақылауындағы Газа денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, қазан айында бітім күшіне енгеннен бері кемінде 738 палестиналық қаза тапқан. БҰҰ бұл мәліметтерді сенімді деп санайды. Израиль билігі өз кезегінде ХАМАС содырларына қарсы операциялар жалғасып жатқанын және әуе шабуылдары алдында бейбіт тұрғындарға алдын ала ескерту жасалатынын мәлімдеді. 27 мамыр күні ЦАХАЛ ХАМАС-тың әскери қанатының қолбасшысы Мохаммед Одехтің жойылғанын хабарлады. Оған дейін бірнеше күн бұрын оның алдындағы командир де дәл осындай операция барысында қаза тапқан болатын.
Биньямин Нетаньяху бұған дейін де Израиль әскері Газа секторы аумағының 60%-дан астамын бақылауда ұстап отырғанын бірнеше рет мәлімдеген. Алайда 2025 жылғы қазанда жасалған келісімге сәйкес, израильдік әскерлер «сары сызық» деп аталатын демаркациялық шептің ар жағында орналасуы тиіс болған. Ол келісім бойынша Израиль анклав аумағының шамамен 53%-ын ғана бақылауда ұстауға келіскен. 20 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспарының келесі кезеңдері ХАМАС-ты қарусыздандыруды және Израиль әскерін Газадан шығаруды көздейді. Дегенмен тараптар арасындағы келіссөздер іс жүзінде тоқтап қалған.
Сәрсенбі күні Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Израильдің 2023 жылғы 7 қазандағы шабуылға қатысы бар адамдардың бәрін жоюға уәде бергенін жазды.
«Біз ХАМАС-тың енді Газаны азаматтық та, әскери де тұрғыда басқаруына жол бермейміз деп уәде еттік», – деді ол.
Кац сондай-ақ «қолайлы уақыт пен мүмкіндік туған кезде» Газа тұрғындарының «ерікті эмиграциясы» жоспарын жүзеге асыру ниетін растады. Бұған дейін мұндай ұсыныстарды Нетаньяху үкіметіндегі ультраоңшыл саясаткерлер де көтерген болатын. Ал халықаралық құқық бойынша бейбіт тұрғындарды күштеп көшіру әскери қылмыс. Осы аптада Газа секторына жасалып жатқан қарқынды шабуылдар жалғасып жатыр. Израиль әскері сектордың солтүстігінде ХАМАС-тың «екі маңызды террористіне» соққы жасалғанын мәлімдеді, алайда олардың есімдерін жарияламады.
Палестиналық дереккөздердің хабарлауынша, шабуыл нысанасы ХАМАС батальонының командирі Имад Аслим болған. Ол жасөспірім қызы Исрамен бірге қаза тапқан. Сонымен қатар Израиль әскері сейсенбі күні Хан-Юнистегі көлікке жасалған әуе соққысы салдарынан ХАМАС-тың қаржылық аударымдар желісінің жетекшісі Ихаб Хризим мен топтың өндірістік штабы бөлімшесінің командирі Мухаммед әл-Хабаштың көз жұмғанын хабарлады. Израиль тарапы әл-Хабашты қару-жарақ өндірісіне қатысы бар деп айыптап отыр.
2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС пен өзге де қарулы топтардың Израильге жасаған шабуылы салдарынан 1200-ден астам израильдік қаза тауып, тағы 251 адам кепілге алынды. Бұл оқиға Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі еврейлерге қарсы жасалған ең ірі жаппай шабуыл ретінде сипатталып отыр.
Оған жауап ретінде Израиль Газа секторында кең ауқымды әскери операция бастады. Соғыс салдарынан анклав аумағында үлкен қираулар болып, екі миллионнан астам тұрғынның басым бөлігі үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. ХАМАС бақылауындағы Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 12 мамырдағы жағдай бойынша соғыс құрбандарының саны 72 742 палестиналыққа жеткен.
БҰҰ бұл статистиканы жалпы сенімді деп бағалайды, алайда деректерді тәуелсіз түрде тексеру әзірге мүмкін емес.
Жарылқасын Шұғыла
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
5 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын