Михаил Шайдоров жалақы мәселесін неге жария түрде көтергенін түсіндірді
Сурет авторы: видеодан кадр/ youtube.com/@balymbetov
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров жалақының кешігуіне қатысты мәселені неге жария түрде көтергенін түсіндірді. Ол Threads әлеуметтік желісіндегі жазбасында қоғамның қолдауына алғыс айтып, кейбір түйткілдер көпшілікке айтылмайынша шешілмейтінін мәлімдеді.
«Кей мәселелерді жария түрде айтпайынша шешу мүмкін болмай тұрғаны өкінішті. Мен ешқандай мекемемен жанжалға барғым келмейді. Бірақ атымды көпшілік алдында қаралауға жол бере алмаймын», – деп жазды спортшы.
Шайдоровтың айтуынша, ол 2025 жылы әлем чемпионатында күміс медаль алғаннан кейін еңбек сіңірген спорт шебері нормативін орындаған. Алайда осы уақытқа дейін тиісті куәлігін алмаған. Сондай-ақ Милан Олимпиадасындағы жеңісі үшін берілетін сыйақы да әлі төленбеген. Дегенмен спортшы бұл мәселеге түсіністікпен қарайтынын жеткізді.
«Олимпиададағы жеңіс үшін берілетін сыйақыға қатысты сұрағым жоқ. Бұл белгілі бір уақытты қажет ететін рәсім екенін түсінемін және жұмыс жүріп жатқанына сенімдімін», – деді ол.
Спортшы жалақыға қатысты жағдайды да түсіндірді. Оның сөзінше, федерациямен келісім жасалғанымен, спортты қолдау қоры қаржыландыру мәселесін қарап жатқандықтан, өзі де, жаттықтырушылар командасы да бес айдан бері жалақы алмаған.
«Дирекция маған қаңтар айының және 2026 жылдың 22 ақпанына дейінгі кезеңнің жалақысын төледі. Бірақ одан кейін ешқандай төлем болған жоқ», – деді Олимпиада чемпионы.
Михаил Шайдоров жаңа келісімшартты талқылау тек мамыр айының ортасында басталғанын айтты. Оның сөзінше, құжаттағы кейбір талаптармен келісе алмай отыр.
«Келісімшартта 2026 жылдың соңына дейін күшінде болатын міндеттемелердің арасында 2030 жылғы Олимпиадада медаль жеңіп алу талабы көрсетілген. Бұл қисынсыз. Мен 2026 жылы төрт жылдан кейін өтетін Олимпиадада жеңіске жете алмаймын ғой», – деді спортшы.
Шайдоров бұл тармақты қайта қарауды сұрағанымен, әзірге ешкім байланысқа шықпағанын айтты. Сонымен қатар ақпан айынан бері жеке дәрігерсіз жүргенін және жаңа маусым алдындағы дайындыққа қатысты мәселелердің де шешілмегенін жеткізді.
«Менің жұмысым – күніне үш рет жаттығу жасау. Қазір де соны істеп жүрмін. Бірақ оқу-жаттығу жиындарының қалай қаржыландырылатыны, жол шығындары мен бағдарламаларды дайындау мәселесі әлі анық емес», – деді ол.
Олимпиада чемпионы егер маусымға қажетті қаржыландыру толық бөлініп, дайындық жұмыстары қамтамасыз етілсе, төленбей қалған жалақысының барлығын Балаларды қорғау күніне орай қайырымдылыққа жұмсауға дайын екенін мәлімдеді.
«Егер барлық мәселе шешіліп, маусымға қажетті қолдау көрсетілсе, төленбей қалған жалақымның барлығын балаларға көмек көрсетуге аударамын. Бұл мені қолдаған қазақстандықтарға ортақ сыйлық болсын», – деп түйіндеді Михаил Шайдоров.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын