34 жылда екі заң ғана қазақ тілінде жазылған: Сенатор қазақ тілінде заң әзірлейтін орталықтар құруды ұсынды
Парламентаризм институты ұйымдастырған дөңгелек үстелде Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай заң шығару үдерісінде қазақ тіліндегі drafting орталықтарын құруды ұсынды. Оның айтуынша, бүгінде еліміздегі заң жобаларының 70 пайыздан астамы бастапқыда орыс тілінде әзірленеді.
NEGE-ге берген сұхбатында сенатор бұл тәжірибені өзгерту қажеттігін айтып, заң жобаларын ең әуелі мемлекеттік тілде дайындау талабы қатаң сақталуы тиіс екенін атап өтті.
– Соңғы 34 жылда бар болғаны екі заң ғана қазақ тілінде жазылған. Ал халықтың 80 пайыздан астамы қазақша сөйлейді. Біз заңдарды алдымен орыс тілінде жазып, кейін қазақша аударамыз. Егер бастапқы нұсқа қазақ тілінде дайындалса, заң сапасы да өзгеше болар еді. Сондықтан заң мәтіні екі тілде қатар әзірленуі керек, – деді Бибігүл Жексенбай.
Сенатордың айтуынша, мемлекеттік тілді дамытуға арналған бұрынғы бағдарламалар (2001–2010, 2011–2020 және 2020–2025 жылдарға арналған) негізінен әдістемелік және инфрақұрылымдық сипатта болды, бірақ міндеттеу және жауапкершілік тетігі қарастырылмаған.
– Қазір қоғам «қазақ тілін білу – азаматтық жауапкершілік» деп түсінетін деңгейге жетті. Ендігі кезеңде бағдарламалық емес, заңнамалық және институционалдық бетбұрыс қажет, – деді ол.
Сондай-ақ сенатор мемлекеттік органдардың іс қағаздарын әлі де орыс тілінде жүргізіп отырғанын жүйелік қайшылық деп атады. Оның пікірінше, Үкімет пен министрліктерге қазақ тілінде құжат айналымын заң жүзінде бекіту қажет.
Бибігүл Жексенбай тіл саясатының болашағы цифрлық кеңістікте екенін айтты:
– Егер қазақ тілі цифрлық өнімдерге – порталдар, жасанды интеллект жүйелері, чат-боттар мен платформаларға енгізілсе, оның болашағы қамтамасыз етіледі. Қазір бір термин әр заңда әртүрлі жазылады, бұл түсінбеушілік тудырады. Ал цифрлық жүйе осының бәрін біріздендіруге мүмкіндік береді, – деді сенатор.
Ол қазақ тіліне нақты мәртебе беру үшін үш бағытты атады:
-
Заңнамалық міндеттеу – мемлекеттік қызметкер, педагог, дәрігер қазақ тілін білуі тиіс;
-
Жауапкершілік пен бақылау – тіл нормаларын орындау мәдениеті қалыптасуы керек;
-
Цифрлық басымдық – барлық ресми порталдар мен сервистердің негізгі тілі қазақ тілі болуы қажет.
Сенатор халықаралық тәжірибеге тоқталып, Еуроодақтың IATE, Канаданың TERMIUM Plus сияқты көптілді терминологиялық базаларын мысалға келтірді.
– Қазақстанда да осындай бірыңғай терминологиялық дерекқор қажет. Қазір Үкімет тапсырмасымен Ғылым және жоғары білім министрлігі 1600 терминнен тұратын бірыңғай сөздік жобасын әзірлеуде. Енді оны стандарттау кезеңі басталуы тиіс, – деді Бибігүл Жексенбай.
Сенатордың айтуынша, қоғам қазақ тілін қабылдауға дайын.
«Енді билік те нақты қадам жасауы керек – сөзден іске көшу уақыты келді», – деді ол.
Соңғы жаңалықтар
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
4 минут бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
6 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
6 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын