$ 499.83 € 581.5 ₽ 6.42

Иран президенті Таяу Шығыс елдерінің лидерлеріне үндеу жасады

Абдрахманов Мағжан
05 наурыз 2026, 10:52
Иран президенті Таяу Шығыс елдерінің лидерлеріне үндеу жасады Сурет авторы: Ақорда

Иран президенті Масуд Пезешкиан өңірдегі жағдайдың ушығуына байланысты Таяу Шығыс елдерінің басшыларына үндеу жасады. Мемлекет басшысы мәлімдемесін X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

– Құрметті достас әрі көршілес елдердің басшылары, біз сіздердің көмектеріңізбен және дипломатиялық жолмен соғыстан қашуға тырыстық. Алайда америкалық-сионистік әскери шабуыл бізге өзімізді қорғаудан басқа амал қалдырмады, – деді ол.

Пезешкианның айтуынша, Иран басқа Таяу Шығыс елдерінің егемендігін құрметтейді. Сонымен бірге Тегеран өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты осы аймақта орналасқан мемлекеттердің өзі қамтамасыз етуі тиіс деген ұстанымды қолдайтынын жеткізді.

1 наурызда Иран президенті қарсыластарына қатаң ескерту жасап, елдің жауларының әскери базалары мен мүмкіндіктері жойылатынын мәлімдеген. Сондай-ақ ол Иран азаматтарын сыртқы қауіпке қарсы бірігуге шақырды.

Еске сала кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған. Дональд Трамп бұл әрекетті Тегеранның ядролық бағдарламадан бас тартпауы себеп болғанын айтқан.

Шабуылдардан кейін Иран Израиль аумағына және Таяу Шығыстағы АҚШ әскери базаларына зымырандар мен ұшқышсыз аппараттар жіберген.

Соңғы жаңалықтар