$ 493.36 € 572.84 ₽ 6.29

Трамп Иранның болашақ басшысын өзі таңдағысы келеді

Абдрахманов Мағжан
06 наурыз 2026, 09:15
Трамп Иранның болашақ басшысын өзі таңдағысы келеді Сурет авторы: Mark Schiefelbein / AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысын анықтау процесіне өзі де қатысуы тиіс екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Axios басылымына берген сұхбатында айтты.

Трамптың сөзінше, қаза тапқан Иранның жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеи-дің ұлы Моджтаба Хаменеи бұл қызметке лайықты кандидат емес.

– Олар уақытты босқа өткізіп жатыр. Хаменеи ұлы ауыр салмақты саясаткер емес, – деді Трамп.

АҚШ президенті жаңа көшбасшыны таңдауда өзі де қатысуы қажет екенін айтты.

– Мен тағайындау процесіне қатысуым керек, Венесуэладағы Делси жағдайындағыдай. Хаменеи ұлы мен үшін қабылданбайды. Біз Иранға бейбітшілік пен тұрақтылық әкелетін адамды көргіміз келеді, – деді ол.

Айта кетейік, Трамп мысал ретінде Делси Родригес жағдайын атады. Ол Венесуэлада бұрынғы президент Николас Мадуро ұсталғаннан кейін уақытша президент қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар