$ 498.09 € 577.34 ₽ 6.41

Иран дағдарысы аясында «ҚазМұнайГаз» акциялары күрт өсті

Абдрахманов Мағжан
03 наурыз 2026, 12:47
Иран дағдарысы аясында «ҚазМұнайГаз» акциялары күрт өсті Сурет авторы: Sputnik / Владислав Воднев

Иран төңірегіндегі геосаяси ахуалдың ушығуы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының акцияларын тарихи ең жоғары деңгейге шығарды.

Компанияның (KMGZ) бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасы алаңында бір күн ішінде шамамен 10 пайызға қымбаттап, бір акция үшін 28 644 теңгеге жетті. Бұл – компания тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Сауда көлемі 500 млн теңгеден асты. Бұл әдеттегі күндізгі белсенділіктен айтарлықтай жоғары. Сарапшылар мұны мұнай-газ секторына қосымша қаржының құйылуымен байланыстырады.

Акция бағасының өсуі Иран айналасындағы жағдайдың шиеленісуі және әлемдік мұнай бағасының күрт көтерілуімен тұспа-тұс келді. Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне шамамен 80 АҚШ долларына дейін қымбаттады. Нарық Ормуз бұғазы арқылы жеткізілімдердің іркілу қаупін ескеріп отыр.

 

Соңғы жаңалықтар