$ 498.09 € 577.34 ₽ 6.41

Зеленский Таяу Шығыс елдеріне ұсыныс жасады

Абдрахманов Мағжан
03 наурыз 2026, 14:19
Зеленский Таяу Шығыс елдеріне ұсыныс жасады Сурет авторы: Владимир Зеленскийдің Telegram арнасынан

Украина президенті Владимир Зеленский Таяу Шығыс елдеріне ұсыныс жасады. Егер өңір басшылары Ресей президенті Владимир Путинді Украинада кемінде бір айға бітім жасауға көндірсе, Киев ирандық ұшқышсыз ұшу аппараттарын қағып түсіру бойынша өз мамандарын жіберуге дайын.

Бұл туралы Зеленский Bloomberg News агенттігіне берген сұхбатында айтты.

– Таяу Шығыс көшбасшыларының Ресеймен қарым-қатынасы жақсы. Олар ресейліктерден бір айлық бітім енгізуді сұрай алады, – деді Зеленский.

Оның айтуынша, төрт жылға созылған ауқымды соғыс барысында Украина ирандық «Shahed» дрондарын қағып түсіру бойынша айрықша тәжірибе жинақтаған. Қазір дәл осы дрондарды Иран Біріккен Араб Әмірліктері, Катар және Сауд Арабиясына қарсы қолданып отыр.

Зеленскийдің сөзінше, бітім жарияланған сәттен бастап Украина «ұшқышсыз аппараттарды қағып түсіру бойынша ең үздік операторларын Таяу Шығыс елдеріне жібере алады».

Еске салсақ, Израиль мен АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясы 28 ақпанда басталды. Бұған жауап ретінде Иран Израильмен қатар өңірдегі өзге елдерді де нысанаға ала бастады. Тегеран Израиль нысандары мен америкалық әскери базаларды заңды әскери мақсат деп санайтынын мәлімдеді. Алайда әскери нысандардан бөлек, энергетикалық инфрақұрылымға да соққы жасалды.

 

Соңғы жаңалықтар