$ 498.09 € 577.34 ₽ 6.41

БАӘ Президенті мен Дубай ханзадасы халықты сабырға шақыру үшін сауда орталығында кешкі ас ішті

Редакция
03 наурыз 2026, 16:09
БАӘ Президенті мен Дубай ханзадасы халықты сабырға шақыру үшін сауда орталығында кешкі ас ішті Сурет авторы: видеодан кадр

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Біріккен Араб Әмірліктерінің басшылығы елдегі тыныштықты паш ету мақсатында ерекше қадамға барды. БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид пен Дубайдың мұрагер ханзадасы шейх Хамдан қаладағы ірі сауда орталықтарының бірінде бой көрсетіп, қарапайым халықпен бірге уақыт өткізді.

Мемлекет басшылары сауда орталығын аралап қана қоймай, көпшілікпен бірге қарапайым кафелердің бірінде кешкі ас ішкен.

Бұл әрекет ресми мәлімдемелерден де маңызды сигнал ретінде қабылданды. Басшылардың халық арасында еркін жүруі  елдегі жағдайдың толық бақылауда екенін және биліктің өз қауіпсіздік жүйесіне сенімділігін білдіреді.

Аймақтағы зымыран соққылары мен геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан, Президент пен Ханзаданың бұл қадамы тұрғындар мен туристер арасындағы үрейді басуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар