$ 498.09 € 577.34 ₽ 6.41

Израиль Ирандағы құпия ядролық нысанға соққы жасады – ЦАХАЛ

Абдрахманов Мағжан
04 наурыз 2026, 12:22
Израиль Ирандағы құпия ядролық нысанға соққы жасады – ЦАХАЛ Сурет авторы: REUTERS / Majid Asgaripour

Израиль қорғаныс армиясы Тегеран маңындағы құпия ядролық кешенге соққы жасалғанын хабарлады.

Әскери ведомствоның мәліметінше, соққы Тегеран қаласына жақын орналасқан «Минзадехей» атты жерасты ядролық нысанына бағытталған. Израиль армиясының баспасөз қызметі бұл орталықта ирандық ғалымдар ядролық қаруға қажет негізгі компоненттердің бірін құпия түрде әзірлеп жатқанын мәлімдеді.

Әзірге бұл ақпаратқа Иран билігі, АҚШ немесе Халықаралық атом энергиясы агенттігі тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

Сонымен қатар Израиль әскері әуе күштері Иранның шамамен 300 зымыран ұшыру қондырғысын істен шығарғанын мәлімдеді. Әскерилердің айтуынша, бұл Иран тарапынан Израиль аумағына жасалған шабуылдардың қарқынының бәсеңдеуіне себеп болған.

28 ақпаннан бері Израиль мен АҚШ Иранның әскери және ядролық инфрақұрылымына, сондай-ақ мемлекеттік нысандарына соққы жасап келеді. АҚШ президенті Дональд Трамп операцияның мақсаты Иранның ядролық қару жасауына жол бермеу екенін айтқан.

Ал Иран бұған жауап ретінде Израильге және Таяу Шығыста америкалық әскери базалар орналасқан бірқатар елге соққы жасап жатыр. Аймақтағы жағдай әлі де күрделі күйінде қалып отыр.

Соңғы жаңалықтар