$ 499.83 € 581.5 ₽ 6.42

Иран Түркияға зымыран ұшырғанын жоққа шығарды

Абдрахманов Мағжан
05 наурыз 2026, 12:38
Иран Түркияға зымыран ұшырғанын жоққа шығарды Сурет авторы: U.S. Army

Иран Түркияға бағытталған зымыран ұшырғанын жоққа шығарды. Бұл туралы Ислам республикасының Қарулы күштері бас штабы мәлімдеді.

Ресми мәлімдемеде Иран армиясы Түркияны көршілес әрі достас мемлекет ретінде құрметтейтіні және оның бағытына қандай да бір соққы жасалғанын үзілді-кесілді теріске шығаратыны айтылған.

Бұған дейін Түркия Қорғаныс министрлігі Иран аумағынан ұшырылған баллистикалық зымыран әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі арқылы атып түсірілгенін хабарлаған.

Анкараның мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алайда зымыранның сынықтары Түркия аумағына құлаған.

Түркия билігі ел кез келген шабуылға жауап беруге дайын екенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар