$ 493.36 € 572.84 ₽ 6.29

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ-дың жоғары марапаттарын иеленді

Редакция
05 наурыз 2026, 20:49
Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ-дың жоғары марапаттарын иеленді Сурет авторы: madenietaqparat

Астана төрінде түркі әлемінің мәдениеті мен өнерін ұлықтаған айтулы тұлғаларды марапаттау рәсімі өтті. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының шешімімен Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергенге «Түркі әлемінің мәдени елшісі» ордені табыс етілді.

Бұл - ұйымның ең жоғары наградасы және Димаш бұл атақты алған әлемдегі екінші тұлға (бұған дейін Нобель сыйлығының лауреаты Азиз Санджар марапатталған).

Сонымен қатар Канн кинофестивалінің жүлдегері, актриса Самал Еслямова «Түркі әлемінің үздік әртісі» номинациясы бойынша арнайы жүлдеге ие болды. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов өнер иелерін құттықтап, олардың еңбегі түркі елдерінің бауырластығын нығайтуға қосқан зор үлес екенін атап өтті.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Димаштың музыкалық миссиясы мен Самалдың кинодағы жетістігі ортақ түркі кеңістігінің мақтанышы екенін жеткізді. Өз кезегінде Димаш Құдайберген бұл құрметті жеке жетістігі емес, бүкіл қазақ халқына көрсетілген ілтипат ретінде қабылдайтынын айтты.

Соңғы жаңалықтар