$ 498.09 € 577.34 ₽ 6.41

Шұғыл: Тоқаев стратегиялық нысандардағы қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

Абдрахманов Мағжан
04 наурыз 2026, 17:41
Шұғыл: Тоқаев стратегиялық нысандардағы қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке, күштік құрылымдарға және өңір әкімдеріне елдегі стратегиялық маңызы бар нысандардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне бағытталған.

Тапсырмаға сәйкес, тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның қауіпсіздік шаралары күшейтілуі тиіс. Бұл қатарға әуежайлар, теңіз және өзен порттары сияқты маңызды көлік нысандары да кіреді.

Аталған жұмыстарды үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді.

Соңғы жаңалықтар