$ 498.09 € 577.34 ₽ 6.41

Дубайдағы пәтерлер дауы: депутат бұрынғы шенеуніктердің мүлкін тексеруді талап етпек

Абдрахманов Мағжан
04 наурыз 2026, 12:57
Дубайдағы пәтерлер дауы: депутат бұрынғы шенеуніктердің мүлкін тексеруді талап етпек Сурет авторы: Мәжілістің баспасөз қызметі/ Ж.Жұмабеков

Дубайдағы тұрғын үй кешеніне жасалған шабуылдан кейін қазақстандықтардың шетелдегі мүлкі мәселесі қоғамда қайта талқылана бастады. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров бұрынғы қазақстандық шенеуніктердің шетелдегі жылжымайтын мүлкіне құқықтық баға беруді сұрап, Бас прокуратураға депутаттық сауал жолдамақ.

1 наурыз күні Дубай қаласындағы Fairmont The Palm тұрғын үй кешені атқыланып, өрт шыққаны хабарланған еді. Әлеуметтік желілерде бұл ғимаратта қазақстандық ауқатты азаматтарға тиесілі пәтерлер бар екені, олардың арасында бұрынғы шенеуніктер де болуы мүмкін деген ақпарат қызу талқыланды.

Азаттық радиосы жариялаған «Дубайдағы Қазақстан» зерттеуіне негіз болған C4ADS ұйымының 2022 жылғы дерегіне сәйкес, аталған кешенде қазақстандықтарға тиесілі 97 пәтер бар.

4 наурыз күні Мәжіліс кулуарында депутат Ерлан Саиров Бас прокуратураға өтініш жолдап, бұрынғы шенеуніктердің шетелдегі активтеріне құқықтық тұрғыдан баға беруді сұрайтынын айтты. Оның сөзін «За нами выехали» телеграм-арнасы жариялаған.

– Қағаз жүзінде олар заң бұзбаған да болуы мүмкін. Бірақ бұл мәселеге Бас прокуратура міндетті түрде реакция білдіруі керек. Моральдық тұрғыдан алғанда бұл дұрыс емес, тіпті адамдыққа да жатпайды, – деді депутат.

Соңғы жаңалықтар